Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 4 Қазан, 2011 сағат 05:07

Маңғыстау таратушы электр-желілік компаниясы 2011-2013 жж Т1,45 млрд инвестиция жоспарлап отыр

Ақтау. 4 қазан. ҚазТАГ - «Маңғыстау таратушы электр-желілік компаниясы» АҚ («МТЭК» АҚ) 2011-2013 жылдар аралығында Т1,45 млрдинвестициялауды жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның басқарма төрағасы Әнуар Берлібаев ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен өткен кеңесте.

А. Берлібаев биылғы жылға капитал салымдарында Т648 млн көлемінде қарастырылған соманы игеру жоспарланғанын, 2012 жылы Т548 млн, 2013 жылы Т257 млн салу көзделгенін айтты.

Бүгінгі күні «МТЭК» АҚ елдің қор нарығына эмитент ретінде белсенді қатысып отырған Қазақстанның жалғыз таратушы электр-желілік компаниясы болып табылады. Осының арқасында компанияда жаңғыртуға, жаңа станцияларды салуға, жаңа технологияларды енгізуге бағытталған инвестициялық жобалар жасалды», - деді «МТЭК» АҚ басшысы.

Оның айтуынша, құнды қағаздарды шығару есебінен қаржы тартып, еліміздің қор нарығын ынталандыра отырып, «МТЭК» АҚ-ның құнды қағаздары инвесторлар үшін ликвидті құралдар болып табылады, ал құнды қағаздар нарығындағы оң тәжірибе электр қуаты нарығының басқа қатысушыларын инвестиция тартуға ынталандырады.

А.Берлібаев компанияның инвестициялық жобаларды 2004 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқанын еске салды. Бұл кезеңде құнды қағаздарды шығарудың арқасында ірі стратегиялық жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде, Қаражамбас тораптық таратушы подстанциясын (ТТПС) 220 кВ-қа ауыстыру, 110 кВ Баутино, 110 кВ Құрық подстанциялары салынды, Таушық, Өмірзақ, Дунга, Бейнеу подстанциялары жөнделді.

«Осылайша, бүгінгі күні компания подстанцияларды жөндеу мен жаңаларын салуға, желілерді кеңейтуге 7,940 млрд теңгенің инвестицияларын бағыттап, жұмсады», - деді А. Берлібаев.

Н. Алдабергенов акционерлік қоғамның «Өмірзақ» жаңа подстанциясында болды. Оның қуаты екі трансформатордың әрқайсысында 16 МВА-дан 25 МВА-ға дейін арттырылды. Подстанцияның қуаты Ақтау халықаралық теңіз айлағының аумағы кеңейіп, қуаты артатынын ескере отырып, айлақты толығымен электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ТМРА төрағасы компания енгізіп жатқан технологияларға қызығушылық танытты. Мысалы, «МТЭК» АҚ өнідіріс жөніндегі басқарушы директоры Мұрат Кәрімовтың атап көрсетуінше, подстанцияларда 110 кВ-тық майлы ажыратқыштарын заманауи ажыратқыштармен ауыстыру, индукционды есептегіштерді электрондық құралдармен ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Компания электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізіп жатыр. ЭКЕАЖ -ны енгізу бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, «МТЭК» АҚ-ның нысандарында оны кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған, салынатын қаржының жалпы көлемі 465 млн теңгені құрайды», - деді М. Кәрімов.

«Жаңа нысандардың бәрі, соның ішінде, «Өмірзақ» подстанциясы да артық қуат қорымен салынды», - деді ол.

Н. Алдабергенов «МТЭК» АҚ жұмысына жоғары баға беріп, компанияның қуаттарын қайта жөндеу мен жаңғырту және нормативті техникалық шығындарды азайту бағытындағы тиімді инвестициялық шараларын атап өтті және үнемделген ресурстарды ары қарай өндірістік қуаттарды жаңғырту мен жаңа технологияларды енгізуге бағыттау керектігін айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564