Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2857 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 13:59

«Атыраубалық» компаниясының 100-дей жұмысшысы 4 айдан бері жалақыларын ала алмай келеді

Атырау. 3 қазан. ҚазТАГ - «Атыраубалық» АҚ компаниясының 100-дей жұмысшысы 4 айдан бері жалақыларын ала алмай келеді, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлайды.

«Атыраубалық» АҚ компаниясының жұмысшылары дүйсенбі күні компанияның кеңсесінің алдында жалақыларын талап еткен пикет өткізді. Жұмысшылардың айтуынша, соңғы рет оларға жалақыларын мамыр айында төлеген.

«Иә, бізде проблема бар. Бірақ біз алдағы екі аптаның ішінде оны шешеміз. Проблеманың туыдаған себебі -бізде қазір жоспарланған аулау көлемі орындалмай келе жатқандығында. Содан келіп кіріс түспей отыр», - деді «Атыраубалық» АҚ бас директоры Василий Кузьмин.

Оның айтуынша, қазір компанияда 1200 жұмысшы жұмыс істейді. Кәсіпорын биыл 3 мың тонналық лимитті аулауы тиіс.

«Былтырдан бері бекіре тұқымдасты аулауға тиым салынды. Балықтың сол түрі кәсіпорынға кіріс беріп отырған. Соңғы кезде балық та азайып кетті. Себебі? Оған ғылым жауап беруі тиіс», - деді В.Кузьмин.

Еске салсақ, былтыр Атырау облысының басшылары Қазақстандағы ірі кәсіпорын «Атыраубалық» АҚ-ны модернизациялауға Т7,5 млрд бөлінетінін мәлім еткенді.

90-шы жылдары жеке меншікке берілген «Атыраубалық» АҚ банкроттық шегінде болған. Өндірістік жабдықтардың тозығы 90% болған. 2010 жылы Атырау облысының атқарушы органдары осы кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Соның негізінде «Жайық Балық» МКК құрылғанды. Оның қарамағына «Атыраубалықтың» өндірістік базасы өткізілді. Оған жергілікті және республикалық бюджеттен Т7,5 млрд қаражат берілуі тиіс тұғын.

0 пікір