Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2501 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 13:58

Саясаткер Тәжікстанға қазақстандық астықпен қорланып алу керек деп есептейді

Душанбе. 3 қазан. ҚазТАГ - Тәжікстандық саясаткер Абдуғани Мамадазимов Тәжікстанға Қазақстан астығы асып жатқанда қорланып қалу керек деп есептейді, деп «Авеста» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мемлекет қандай да күтпеген жағдайға, кем дегенде бір тоқсанға, ал жақсысы алты айға астық қорын жинап алғаны абзал», - деп есептейді А. Мамадазимов.

Оның айтуынша, егер мемлекет астықты көптеп сатып алса, осы арқылы бірнеше проблемаларын шешеді.

«Атап айтқанда, астық нарығындағы жағдай тұрақталып, ол ұн мен бидай бағасының секіруіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, бизнестің осы түріндегі монополия болмайды. Ол аз десеңіз, азаматтардың өз мемлекетіне деген сенімі арта түседі. Үкіметте қуаңшылық және табиғи басқа да апаттық жағдайға немесе жүктерді басқа мемлекет территориясы арқылы тасымалдауға байланысты туындауы мүмкін басқа да күтпеген жағдайларда өзіне деген сенімділігі артады», - деп атап көрсетті ол.

А. Мамадазимов үкіметтің азаматтарға азық-түлікпен екі жылға қорланып алуға шақырып отырғанан айта отырып халықтың көпшілігінің отбасылық бюджеті оған мұрша бермейтіндігін айтады.

«Көптеген үй шаруашылығының қаржылық жағдайы оларға ары кетсе бір аптаға ғана азық-түлік қорын жинауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет азық-түлік қауіпсіздігінде астықпен қамтамасыз етуде негізгі роль атқаруы тиіс», - деп тұжырымдады сарапшы.

Бұл ретте 50 килограмдық ұнның қапшығы Тәжікстанда орташа есеппен 130 сомани тұрады ($27 доллардан асады), ал ең төменгі жалақы 80 сомани (шамамен $17).

Тәжікстанда ұн мен бидай экспортының сомасы электр қуатының экспортының сомасының көрсеткішінен ондаған есе артық. Ағымдағы жылдың 8 айында Тәжікстан жалпы сомасы $2,1 млн-дық электр қуатын экспорттаса, бидай мен ұн импорты $145 млн болды.

Елдің экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметтерінше осымен екінші жыл қатарынан елдегі астық өндірісі 1 млн тоннадан аспай отыр. Келешекте астық егісінің алқабы артып, бидай өндірісі артпақшы.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511