Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2519 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 13:57

Қарағанды облысында ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша көп қабатты үйлерді жөндеуге Т695 млн-нан аса қаржы бөлінді

Қарағанды. 3 қазан. ҚазТАГ - Қарағанды облысында ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша көп қабатты үйлерді жөндеуге Т695 млн-нан аса қаржы бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы шеңберінде облыс әкімдігі құрылыс істері жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді қаржыландыру жұмысын жүргізді. Бірінші механизм бойынша «Сарыарқа» ӘКК жарғылық капиталы Т180 млн көлемінде ұлғайтылды. Осы қаражатқа Қарағанды, Теміртау, Саран және Сәтпаев қалаларында 8 үйде жөндеу жұмыстары басталды. Екінші механизм бойынша 52 үй жөнделетін болады. Осы мақсатқа сәйкес «Горкомхоз» КМК жарғылық капиталын Т515,6 млн ұлғайту көзделген. Жөндеу жұмыстары 32 үйде басталды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан ақпаратта.

Аймақ басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, қуат үнемдеудің кешенді жоспары мен ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы облыс әкімі Серік Ахметов төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте талқыланды.

Бюджеттік сала нысандарында энергия үнемдеуші шамдар, электр және жылу, суық су көлемін есептеуіш құралдарды, пластик шыны пакеттерін, автоматтандырылған жылу пункттерін орнату жұмыстары қолға алынды. Қалалар мен аудандарда көше шамдары энергияүнемдеуші шамдарға ауыстырыла бастады.

Кеңесте алдағы қысқа дайындық мәселесі мен жылыту маусымының міндеттері де талқыланды.

«Бүгінгі күнге облыстың жылуэлектр станцияларында 30 қазандық пен 17 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қоса 10 қазандық пен 2 турбинадағы жөндеулер аяқталуға жақын. Жалпы алғанда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанымен «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған ЖЭО-да №5 қазандық пен №7 турбинада артта қалушылық байқалады.  Облыс бойынша жалпы 65 локалды қазандық пен 180 ЖАЖ, жылу желісінің 146,5 км, су мен кәріз желісінің 156 км, электр желісінің 2 мың 580 км және 555 подстанция жөндеуден өткізілді», - делінген ақпаратта.

Кеңесте «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған ЖЭО-да №5 қазандық пен №7 турбинада кестеден кешігу байқалып отырғаны айтылды. Приозерск қаласындағы, Ақтоғай ауданының Шашубай мен Сарышаған кенттеріндегі қазандықтар мен инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды.

«Теміртау энергия торабын тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ету мақсатында 47 негізгі іс-шаралар атқарылды. «Никольск - Жезқазған ЖЭО»110 кВ жоғары кернеулі желісін қалпына келтіру мәселесі де оң шешімін тапты. «Қазақмыс» корпорациясы жобаны әзірлеуге 40 млн.теңге және транзитті қалпына келтіруге 450 млн.теңге бөлді», - делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.

Биліктің мәліметінше, қазандықтармен жылытылатын бюджеттік ұйімдардың көмірдің нормативті қоры толығымен қамтамасыз етілді.

«Облыс бойынша есепті күнге көпқабатты 6448 тұрғын үй дайындықтан өткізілді. Қарағандыда 22 үй, Теміртауда 16 үй дайындық актілерін алған жоқ», - делінген ақпаратта.

Аймақтағы әлеуметтік-мәдени нысандардың бәрі қысқа дайын, деп хабарлайды әкімдік.

0 пікір