Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4278 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 10:02

Beeline «Шексіз Интернет» жаңа қызметін іске қосты

Beeline «Шексіз Интернет» жаңа қызметін іске қосты

3 қазан 2011 ж , Алматы қ. «КаР-Тел» ЖШС-ы (Beeline сауда белгісі) телефондар үшін «Шексіз Интернет» жаңа қызметін қосқаны туралы хабарлайды.

Аталмыш қызмет телефондар мен смартфондары арқылы Интернет желісіне кіретін абоненттерге арналған. Тәулігіне 60 теңге абоненттік төлем арқылы пайдаланушыға жылдамдықты шектеусіз 45 Мб көлемінде Интернет-трафик ұсынылады.

«Енді смартфондар пайдаланушы абоненттер артық шығынсыз кез-келген уақытта «онлайн» режимінде бола алады. Бүгінгі күні Beeline біздің абоненттерге Интернет желісіне 3G жоғары жылдамдығымен кіруге мүмкіндік беріп отыр. Сол себепті абоненттер уақыттарын ұтымды пайдаланып, Internet қызметтеріне жұмсалар шығынды азайтуға қол жеткізеді», -  деп атап өтті өз сөзінде «КаР-Тел» ЖШС маркетинг қызметі жалпы сегменттегі дауыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.

Тәжірибе көрсеткендей, трафиктің осындай көлемі әлеуметтік желілер мен электронды поштаны тексеру, сондай-ақ Интернет-парақтарды көруге жеткілікті. Аталған шектен артық пайдаланған жағдайда желіге мобильді кіру жылдамдығы төмендейді, бірақ келесі күнгі сағат 00:00 ден бастап мобильді Интернетке кірудің жоғары жылдамдығы қалпына келеді. «Шексіз Интернет» қызметін жеке кабинетіңіз немесе *404# бұйрығы арқылы қоса аласыз. Қосу құны - 150 теңге.

Қызмет алдын ала есеп айырысу жүйесінің абоненттеріне арналған. Қызмет тек Қазақстан аумағында қол жетімді. Ал, роумингте жарамсыз.

Егер де «Opera mini-мен cёрфинг" және «Шексіз Интернет» қызметтері бір уақытта қосылып тұрса, тарификациялау «Шексіз Интернет» қызметінің шарттары бойынша жүргізіледі (абоненттік төлем екі қызметі үшін алынады).

Толығырақ ақпаратты 0611call-сentre телефондары бойынша, Beeline сату және қызмет көрсету кеңселерінен және  www.beeline.kz сайтынан ала аласыз.

***

«КаР-Тел» компаниясы (Қазақстандағы Beeline бренді) және «СА-Телком» (Қазақстандағы Golden Telecom бренді) «ВымпелКом ЛТД» компаниясы тобына кіреді.

Компания ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында, фиксациялық телефон, Интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру қызметтерін көрсетеді. 2008 жылы Beeline Қазақстан Республикасы аумағында алғашқы болып GSM 1800 стандартында ұялы байланыс қызметін көрсетуге ресми рұқсат алды.

***

Beeline белсенді әлеуметтік ұстаным аясында түрлі балалар мекемелеріне нақты қолдау көрсетіп, сондай ақ білім беру және мәдениет салаларында әлеуметтік жобаларды іске асырады. Компания елдің барлық аймақтарында «Мобильді этикет» және «Мобильді сауаттылық» жобаларын қолдайды. Компания «Добровольное общество милосердия» қорымен бірлесіп денсаулығы нашар балалардың емделуіне қаражат жинауға арналған «Балаларға өмір сыйла», «Здоровая Азия» ҚҚ бірлесіп Қазақстандағы алғашқы балалар хосписін жабдықтау мен қолдауға қаражат жинау мақсатында «Тыныста, балақай», «Аяла» қорымен бірлесіп еліміздің перзентханалық орталықтарын өте қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған акцияларын жүзеге асыруда

Толығырақ мәліметтер үшін хабарласыңыз:

«Кар-Тел» ЖШС Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі

Анар Жумагулова  +7 77777 3 1110, AZhumagulova@beeline.kz

Байрам Азизов +7 777 593  34 35, BAzizov@beeline.kz

0 пікір