Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3524 0 пікір 2 Қазан, 2011 сағат 05:45

Таллинн мен Прагада қазақ киносының күндері өтті - СІМ

Астана. 30 қырқүйек. ҚазТАГ - Эстония мен Чехия елдерінің астаналарында қазақ киносының күндері өтті, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Фестиваль аясында екі астананың көрермендеріне Сәбит Құрманбековтың «Секер» драмасы, Қуат Ахметовтың «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атыс-шабыс фильмі, Фархат Шәріповтың «Сказ о розовом зайце» фильмі, Сламбек Тәуекелдің «Земля обетованная» тарихи-саяси драмасы және ұлттық дәстүрлер элементі «Біржан Сал» бар тарихи фильмі көрсетілді.

Ақпаратқа сәйкес, Таллинде шара 27 қырқүйекте «Таллинн - Еуропаның мәдени астанасы 2011» бағдарламасының аясында ашылды.

Ашылу салтанатында ҚР елшісі Ғалымжан Қойшыбаев кинофестиваль Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылғанын және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  үстіміздегі жылдың сәуірінде Таллинге жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген екі елдің арасындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы уағдаластықтардың заңды жалғасы болып табылатынын айтты.

Өз кезегінде бағдарламаның ұйымдастыру комитетінің өкілі, Таллиннің вице-мэрі Михаил Кылварт ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қазақстандық кинофестиваль Эстония астанасының мәдени өмірін байыта түскенін айтты.

29 қырқүйекте ҚР елшілігі мен «Ш. Айманов ат. Қазақфильм киностудиясы» АҚ қолдауымен Прагада «Қазақстан киносының күндері» ресми түрде ашылды. Шара «Луцерна» кинотеатрында үш күн жүреді.

0 пікір