Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5151 14 пікір 28 Ақпан, 2020 сағат 16:12

Біртанов: Коронавируспен медицинасы дамыған елдердің өзі күресе алмай отыр...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов короновирустың Қазақстанға да жетуі мүмкін екенін айтты. Алайда қазір министрлік бұл вирустың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылдап жатқан көрінеді.

- Қазіргі күнде коронавирустық ауру бізде жоқ. Болмайды деп айтуға менің тілім бармайды. Оның себебі, тәуекел өте жоғары. Біз елімізде осындай науқастар болса, инфекция таралатын болса қажетті шаралар дайындап жатырмыз. Бірақ барлық ауырған адам қырылып қалады деген, ол да дұрыс емес. Оған сенбеңіздер, - дейді министр.

Министр Біртанов қазіргі уақта медицинасы дамыған елдер де бұл вирустан зардап шегіп жатыр дейді.

- Шынымды айтайын, инфекцияның жұғуы медицинаның қаншалықты дамығанына аса байланысты емес. Медицинасы дамыған Жапония, АҚШ, Корея елдерінде инфекциядан зардап шегіп жатыр. Бұл инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады, - деді Біртанов.

Алайда, Біртанов Қазақстаннан басқа да короновирус жұқтырмаған елдер барын айтып, көңіл аулаған болыпты.

Ал, жуырда «Science» журналы Оксфорд пен Гарвард университетінің жетекші эпидемиологтарының пікірлерін жариялады. Олар COVID-19 коронавирусы бүкіл планетада таралды деп дабыл қағуда. Айтуларынша, шекараны жабу мен ауырған адамдарды бақылау енді көмектеспейді.

«Science» журналы өз материалында: «коронавирус анықталған мемлекеттердің тізімін бере отырып, Лондон Императорлық Колледжі модельдеу тобының бағалауы бойынша, Қытайдан «экспортталған» жағдайлардың үштен екісіне әлі диагноз қойылған жоқ», депті.

Оксфорд эпидемиологы Кристофер Дэйдің пікірінше, санитарлық және медициналық қызметтердің әрекетін өзгерту қажет.

Осы уақытқа дейін Қытайда коронавирустың таралуын бәсеңдетуге, оның басқа елдерге тарлмауына, тасымалдаушылармен байланысқан адамдарға мұқият бақылау жасалып, ондай адамдарға екі апта бойы карантин жарияланды. Бірақ қазір халықаралық сапарларға қойылған шектеулер тиімсіз екенін көрсеткен.

Осыған дейін Иран, Оңтүстік Корея және Италия елдері Қытайға ұшақ рейстерін шектеген.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Брюс Эйлвард  Қытайдағы эпидемия мәселесі бойынша халықаралық комиссия құрамында жұмыс істейді екен. Оның айтуынша, егер Хубейдегі қытайлықтардың вирусқа қарсы тұрар күш-жігері болмаса, елде тағы да жүздеген мың жағдай орын алуы мүмкін.

Айта кетейік, қазір әлем бойынша 82 мыңнан аса адам короновирус инфекциясын жұқтырған. Ал, вирустан қайтыс болған адамдар саны 2800-ден асқан.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593