Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2852 10 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 12:56

АҚШ Ресейге салған сакцияны тағы бір жылға созды

АҚШ Қырымды басып алғаны үшін Ресейге салған санкцияларды тағы бір жылға созды. Президент Дональд Трамптың осындай бұйрығы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды.

"Мен осыған дейін жарияланған ұлттық төтенше жағдайды тағы бір жылға созамын. Ресейдің қазіргі саясаты мен іс-әрекеттері АҚШ-тың сыртқы саясатына және ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сонымен бірге әлемдегі тұрақтылыққа, ел тұтастығына қауіп төндіру арқылы Украинадағы демократиялық үдерістерді үзіп жатыр" деп атап көрсетілген.

2014 жылдың наурызында Ресей Қырым түбегін аннексиялады. Халықаралық қауымдастық Ресейдің бұл әрекетін сынап, оған қарсы санкция енгізді.

Abai.kz

10 пікір