Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Экономика 46255 18 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 18:56

Қазақстанда құны үш миллон теңгеден аспайтын машина шығарылмақ

Қазақстанда бағасы 3миллион теңгеден аспайтын көлік жасалмақ. Бүл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының прещиденті Андрей Лаврентьев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтқан.

– Үкіметпен жасалған келіссөз және тапсырмаларға сәйкес, автосалондағы құны 3 миллион теңгеден аспайтын эконом әрі арзан көлік шығару жөнінде жаңа тапсырма бар. Қосымша несиелендіру, лизинг жасалатын бағдарламалар жасалады. Біз 3 миллион теңгеден аспайтын көлік моделін таптық, – деген Андрей Лаврентьев.

Қазақстанда қазір бірнеше көлік түрлері құрастырылады. Лаврентьевтің айтуынша, көлік өндірісінің өсімін жылына 100 мың машина шығаратындай дәрежеге жеткізуге болады.

18 пікір