Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
2873 0 пікір 25 Ақпан, 2020 сағат 11:01

Павлодарға жұмыс сапарымен Оңтүстік Кореяның елшісі Ким Дэ-сик келді

Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесті. Олар қазір жүзеге асырылып жатқан жобалар мен өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Әбілқайыр Сқақов өңірде Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялар мен ғылым саласындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі екендігін атап өтті.  

- Павлодар облысының ресурстарын өсім нүктелерін құру әлеуеті ретінде қолдануға болады, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Инвестицияларды тарту - біз үшін бірінші кезектегі мәселе. Ол үшін бізде қажетті инфақұрылым мен басқару институттары бар, қаржыландыру секторлары да жетерлік. 

Төтенше және Өкілетті елші оңтүстік кореялық компаниялар үшін өнеркәсібі дамыған Павлодап облысымен жұмыс істеу аса тартымды екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Ким Дэ-сик ферросилиций өндіретін зауыттың құрылысымен айналысатын қазақстандық «Mineral Product» ЖШС-і мен Оңтүстік Кореяның Sac Holding компаниясының бірлескен жобасы туралы еске салды. Қазір бұл жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемені  әзірленіп жатыр.       

- Өткен жылы бастаған әріптестігіміз жалғасын тапса дейміз, - деді елші. – Біздің компанияларымыз агроөнеркәсіптік кешені саласында әрекеттесуге дайын. Қазіргі кезде «ақылды фермерлік» бағыты жақсы дамыған. Осы бағытта жұмыс істеуге болады. Мен Павлодар облысының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тізбелеп жазып алып, олар туралы міндетті түрде оңтүстік кореялық компаниялардың өкілдеріне хабарлайтын боламын. 

Тараптар медицина мен білім беру саласындағы әріптестік мәселелерін де талқылады. Әбілқайыр Сқақов Оңтүстік Корея мамандарының осы салалардағы бай тәжірибесін Павлодар облысында қолдануға болатынын атап өтті. 

Abai.kz

0 пікір