Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 3764 19 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 17:38

Жанболат Мамай: Біз сьезді кейінге қалдырдық...

Қоғам белсендісі, "Демократиялық партия" бастамашыларының бірі Жанболат Мамай ақпанның 21-нен 22-сіне қараған түні Алматы облысы, Қарасай аудандық сотының шешімімен 3 тәулікке қамалған еді. Кейін, жаза мерзімі өзгертіліп, 2 тәуліктен кейін босатылған.

Ал бүгін Қарасай аудандық пробация қызметі шақыртып, ескерту бергені белгілі болды. Осыған байланысты біз Жанболат Мамайдың өзіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрадық...

Жанболат Мамай, Қоғам белсендісі, "Демпартия" лидері:

- 21-і күні түстен кейін біздің ұйымдастыру комитетінің мүшесі Жанбол Рахметолланы полиция ұстамақ болды. Мен бірден ол полиция қызметкерлеріне барып, олардың қызметі заңсыз екенін айтып, олардың әрекеттерін видеоға түсіріп, барлығын көрсеткеннен кейін олар Жанболды босатты.

Кейін біз кешке қарай жігіттермен жиналып, тамақ ішетін бір кафеге кіріп едік, содан шыға бергенде 20 шақты адам (полицей) келіп, Жанболды сол жерде алып кетті. Сосын, оның қайда екенін білу үшін Алматы қалалық Полиция департаментіне бардық. Ол жақта бізді полиция қызметкерлері қарсы алды. Полиция басқармасының бірінші орынбасары "Қарасай аудандық бөлімшесіне алып кетті", деді. Ол жақтан, Қарасай аудандық әкімшілік сотына алып кеткенін білдік. Қарасай аудандық әкімшілік сотына мен бардым. Сол мезетте Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы, орынбасарлары бүкіл сол жақтағы полицияның басшылары, барлығы келіп, мені сол жақта тұтқындады.

Олар мені шамамен кешкі 9-дарда ұстады. Сосын біз 11-ге дейін полиция департаментінде болдық. 11-де Қарасай аудандық сотына алып кетті. Сол сотта біз түнгі сағат 3-ке дейін болдық. Түнгі сағат 3-ке дейін сот процессі жүрді. Аяғында сол жердегі уақытша қамау изоляторына қамады.  

Содан мені кеше жіберді. Бастапқыда 3 тәулікке қамаған. Ол негізі бүгін кешке аяқталуы керек еді. Бірақ, кеше кешке, аяқ-астынан Қарасай аудандық прокуроры Алматы облыстық сотына арыз жазады.

"Біз оның кім екенін, тағы оның бала-шағасы бар екенін ескермеппіз. Оны үш тәуліктен екі тәулікке қысқартайық" деп, Алматы облыстық сотына жібереді. Кеше кешке сағат 6-лар шамасында Алматы облыстық соты видео байланыс арқылы сот өткізіп, жазаны үш тәуліктен екі тәулікке қысқартып, ешкімге хабарламастан, Қарасай аудандық полицияның басшылығы өздері үйге әкеліп тастады. Ол енді әдейі жасалған деп ойлаймын. Өйткені, егер бүгін босататын болса, тағы да халық баратын еді. Соның алдын алып отырған болуы керек. 

Бірақ, Жанболды босатқан жоқ. Ол 15 тәулікке қамалды. Бүгін біз  аппеляциялық арыз жаздық. Енді сол аппеляциясын күтеміз. Бір-екі күнде қаралуы керек. 

Ал кешегі митингке келсек, маған қазір ол жайлы айтып берді. Біздің мүшелеріміздің көбі алаңға жете алмаған. Өйткені, полиция, ОМОН қызметкерлері алдарынан тосқан. Біздің партияны қолдайтын, партияға мүше азаматтардың көбінің үйінің алдында полиция тұрды. Ешкімді шығарған жоқ. Шығып кеткендері алаңға жете алған жоқ. Көпшілігін жолда ұстады. Біздің тарапымыздан осы алаңның өзінде және оның айналасында қамалғандардың саны 70-тен астам адам. Олардың барлығы босатылды. Тек, Төлеген Жүкеевке айыппұл салынды. 20 АЕК.

Біз сьезді кейінге қалдырдық. Жалпы, заң бойынша қайтадан бастамашыл топтың қатарын жинауымыз керек. Мың адам. Сол мың адамнан астам бастамашыл топтың тізімін қайтадан Әділет министрлігіне тапсырып, сьезді бәрібір өткіземіз. Өңірлерден келген азаматтар болды, осы Алматыдағы азаматтар бар, барлығы "Демпартияны" бәрібір құруымыз керек деген ойды айтып отыр. 

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558