Жұма, 29 Наурыз 2024
2700 2 пікір 22 Ақпан, 2020 сағат 17:12

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалды

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалды. Президент жарлығы Ақорда сайтында жария болды. 

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Ал осыған дейін Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі болған Самат Ордабаев қызметінен босатылды.

Дархан Кәлетаев бұған дейін 2019 жылдың наурыз-желтоқсан айларында Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

2008-2009 жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2016 жылы Сенат депутаты болып тағайындалды.  2018 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды. Кейін ҚР Қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

2019 жылы наурызда ҚР Премьер-министрінің канцелариін басқарды. Ал 2019 жылдың наурыз-желтоқсан айларында Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564