Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
2418 0 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 11:28

Мәскеуде экстремизм күдігімен алты қырғыз азаматы ұсталды

Мәскеуде экстремизм күдігімен алты қырғызстандық ұсталды деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Мәскеудің Мещан аудандық соты оларды 17 наурызға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Қырғызстандықтар экстремистік ұйым құрды деген күдікке ілінген.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі ұсталған азаматтарға қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір