Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5248 11 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 11:05

Зайсандағы жағдай - биліктің халықпен жұмыс істеуге қабілетсіздігінің нәтижесі

Қит етсе, әскерді тасығанды қою керек. Мен Зайсандағы жағдайды жергілікті биліктің халықпен жұмыс істеуге қабілетсіздігінің нәтижесі деп білемін.

1) Әрбір қадамды сол жердің халқына түсіндіріп отыру керек болған.

2) Ақпараттандыру орталықтарын құру керек болған.

3) Нақты шешімдер қабылдағанда "халық қалай қабылдайды" деген сұраққа болжау жасау керек болған.

Ешқандай түсіндіру жұмыстары, қоғамдық пікірді болжау болмаған.
Нақты себебі осы. Өйтені облыс басшылығы, жергілікті жердің мән- жайын білмейді, халықты жоғарғы этаждардың кабинетінен басқарғысы келеді.
Енді, сол шолақ- басшылардың қателігі үшін, улатып- шулатып, халықты үркітіп, әскер кіргізудің қажеті қанша?

Ол жақта білімді, парасатты, ақылды, ержүрек халық тұрады.

Олар, әрбір жағдайды ақылмен, салиқалы - салмақты түрде шешуге қабілетті.

Жағдайды ушықтырып отырған сол жердегі, облыс деңгейіндегі " әліпті би" деп білмейтін, халықтан ауаша жүретін басшылар..

Солардың айдауымен жүреміз деп, халықты ашуландырып алмаңыздар.
Жоңғармен соғысқан, сол жер үшін қанын төккен, қызыл әскермен күрескен, арғы бетте шүршітке төтеп берген халықтың мінезі ұшқыр. Мәселені байыппен, ақыл-оймен, ынтамен шешкен абзал.

Осынау күрделі күндері мен Зайсан, Тарбағатай халқымен біргемін! Ол қасиетті өлкедегі әрбір азаматтың "бір тал шашы" үшін бүкіл қазақ болып жауап береміз!

Осы есімізде болсын...

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ынтымағымыз, ықпалдастығымыз арта берсін!

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

11 пікір