Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2320 1 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 15:49

Елжан Біртанов: Қазақстанға келген 488 мың адам тексерілді, коронавирус тіркелген жоқ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға 6 ақпаннан бастап келген 488 мыңнан астам азаматтың тексерілгенін мәлім етті.

«6 қаңтардан бастап түрлі шаралар қабылданып, 1 ақпаннан бастап ол шаралар күшейтілді. Бүгінгі күннен бастап арнайы бас санитарлық дәрігердің шешімі қабылданып, қосымша санитарлық-эпидемиялық шаралар күшейтілді. Жалпы біздің ең бірінші мақсат – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына келіп жатқан азаматтардың денсаулығын тексеріп, бақылауға алу. 6 ақпаннан бастап 488 мыңнан астам азамат (қазақстандық, ішінде шетелдікте де бар) Қазақстанға келді. Олардың бәрін біз шекарада жағдайын тексеріп, температурасын өлшеп қарап отырмыз. Анкета толтырылуда», - деді деді Елжан Біртанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Министр солардың арасында 175 науқас жатқызылып, емделіп шыққанын айтып өтті. Олар түрлі инфекциялық респираторлық аурулар болғаннан кейін коронавирустық инфекцияға тексеріліп, 160-ы шығарылған.

«Бірақ оларда коронавирустық инфекция табылған жоқ. Сонымен азаматтар елге келгеннен кейін біздің арнайы медициналық қызметкерлер бәрін монитрингіге алып отырамды. Ал жалпы ҚХР-дан келген 24 мың азаматты мониторингілеуге алғанбыз. Қазір 2 3647 мониторинг шығарылды. 14 күннен соң жағдайы жақсарғаннан кейін оларды шығарамыз», - деді ол.

Abai.kz

1 пікір