Жұма, 29 Наурыз 2024
3741 2 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 14:18

Ақтөбеде Абайға ескерткіш орнатылады

Биыл Ақтөбе облысында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш орнатылады. Қазіргі уақта Абай ескерткішіне байқау жарияланған.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Қадірбаеытың айтуынша, Абай ескерткішін орнатуға «Үздік эскиздик жоба» байқауы жарияланған.

Жоба жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында анықталады. Комиссия мүшелері анықтаған жоба бойынша Абай ескерткіші орнатылады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлінбек.

Аталған жұмыстар 2020 жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс. Бұл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылып отыр.

Айта кетейік, биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы республика көлемінде аталып өтіледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

Қазіргі уақытта арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, Абай тойын республика көлемінде тойлау үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлінетіні белгілі болған.

Ол бойынша республика көлемінде 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Олардың бірсыпырасы қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Осыған дейін ШҚО, Семей қаласындағы уежайға Абай есімі берілген болатын. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында «Абай орталығы» ашылатынын хабарлаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596