Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3961 12 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 13:57

Қазақстан - жастар үшін амалдың жоғынан жүрген уақытша мекен бе?

Абай "Қорқамын кейінгі жас балалардан" деп текке айтпапты... Бәрі деп, көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, бірақ кейінгі кезде өзімнен бір буын, яғни, 10 жастай кішілермен сөйлескенде бәрінің ойы - "мұнда ештеңе қалған жоқ, қалайда шетелге кету керек, мына елден болашағымды көріп тұрғаным жоқ" дегенге саяды. "Қайда тұрғың келеді?" десең, Еуропа мен АҚШ, қала берді Кореяны айтады.

Олардың ойынша шетелде бір керемет өмір күтіп тұрған сияқты. Яғни, Қазақстан қазіргі көпшілік жастар үшін отан, қара шаңырақ, қасиетті мекен емес, амалдың жоғынан жүрген уақытша мекен екен.

Мәә, қандай қорқынышты ұрпақ өсіп келеді?! Мен өз басым, шыны керек, шетелде әрі кетсе бір апта шыдай алам. Тіпті, үш күннің де өзі жетеді. Бірінші күні теңізін, екінші күні музейін, басқасын шарлап бітем, бітті, үшінші күні елімді, жерімді бір жыл көрмегендей, сұмдық сағыныш басталады.

Сонда, осы елді мәңгіге қиып тастап кетуге дайын болу үшін жүрегің қандай болуы керек? Еттен бе, әлде қоладан ба?

Абай ата, мен де сіз секілді "қорқамын кейінгі жас балалардан..."

Мариям Әбсаттардың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499