Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 3606 6 пікір 19 Ақпан, 2020 сағат 16:49

Билік Жәкішевтің өтінішін қанағаттандыра ма?

Былтырлары Ұлттық кеңес құрылатын кезде, биліктің өзгеріске дайын екенін байқау үшін мен оларға үш талап қойған болатынмын.

Олар:

1. Интернетті бұғаттауды тоқтату.

2. Митингте ұсталғандарды босату.

3. Саяси тұтқындарды бостандыққа шығару.

Бұны айтқаныма жақында бір жыл болады.

Қазір қалай?

1. Интернетті өз шешiмдерiмен әлі бұғаттап жатыр.

2. Митинг туралы заңның жаңа жобасы – барып тұрған бұлтарудың өзі!

3. Саяси тұтқындар әлі сол қамауда отыр.

P.S. Алдағы наурыз айының үші күні Жәкішевтің өзін мерзімінен бұрын босатуды өтінген үшінші өтініші қаралады. Биліктің енді не істейтінін сол кезде көрерміз...

Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

6 пікір