Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 6804 43 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 13:23

«Абылай хан да Түркістанды мұншалық дамыта алмаған»

Күні кеше ғана Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдында есеп беріпті. Жыл сайын жұртты жиып, есеп қылу елдегі әрбір әкімнің, әкімдіктің әдет-ғұрпына айналғалы қашан. Сондықтан, Шөкеевтікі де сол баяғы өлшеніп берген шеңбердің шегінде өтетін есептік жиынның бірі болар дедік. Әуелде солай-ақ, еді. 

Әйткенмен, ың-шыңсыз өтіп жатқан әкім жиынын әлем жұртқа әйдіктеген Әзіретбергенұлы Жарылқасын деген адам болды. Өзі Түркістан облысындағы Ақсақалдар алқасының төрағасы екен. Әкім Өмірзақ Шөкеевке бар ынта-шынтасымен, ақтарылып-төңкеріліп алғыс айтып, оның бір жылда атқарған жұмысы «Ұлы» бастамалардың басы екенін айтыпты.

Картинки по запросу "өмірзақ шөкеев"

Ақсақалдар алқасының білдей бастығының айтуынша, «Әмір Темір Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де» Түркістан, Түркістанның жұрты қазіргідей өркендеуді көрмеген екен. Сондықтан Өмкең әкім болып, Құдай беріпті. Мынау жаңағы Әзіретбергенұлының әңгімесі. БАҚ жаппай жазып, таратып жатыр.

«Біз құлақ естіп көз көрмеген тарихи кезеңнің басталуында тұрмыз. Түркістанның бұлай өркендеуі Әмір Темірдің Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де болмаған болуы керек. Түркістан жыл санап емес, күн санап өсіп келе жатыр. Түркістанның жасарып, жаңғыруының басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тұр. Мың жылдан кейін де 3020 жылы Ясауи кесенесін Ақсақ Темір тұрғызған десе, Түркістанды тұңғыш облыс етіп оның орталығын Түркістан жасаған Нұрсұлтан деп айтылады. Түркістан мен Нұрсұлтан қазақ тарихына ажырамайтындай болып енгені дәлелді қажет етпейтін дүние. Сол ұлы бастамалар мен үлкен құрылыстардың басында Өмірзақ Естайұлы тұр.

Мен бір шаруашылық басқарған бастықтың біреуімін. Егін шаруашылығын жөндеп жатса, мал шаруашылығы ақсап жататын. 30 жыл бастық болғанда төрт жағы түгел шаруашылық жүргізе алмайды екенмін. Ал, Түркістанда ірі құрылыстар салынып, көшелер кеңейіп жөнделіп, ағаш, гүл егіліп, каналдар бетондалып, жаңадан екі канал қазылып, газ тартылып, қаланың барлық жағына су жүйелерін енгіздіріп, 100-деген жер асты құдықтары қазылып іске қосылуда. Шағын орта бизнес өркендеуде. Осының барлығы бір мезгілде еш жағы ақсамай жүргізілуде. Бұл облыс әкімінің таланты мен іскерлігінің, жұмысты таба білетін қабілетінің, командасын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмысқа жұмылдыра білгенінің нәтижесі деп білемін». 

Міне, солай. Жарылқасын Әзіретбергенұлының бұл пікіріне қатысты Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман да өз ойын білдірді.

Картинки по запросу "кәрібай мұсырман"

«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?!» Осы нақылға айналып кеткен аталы сөзді қазекем бекерден-бекер айтпаса керек. Абылай ханды өзінің туған атасынан да биік қойған, айрықша құрметінің айғағы емес пе бұл?!

Ел басына күн туған қилы заманда атқа қонып, халқымыздың басын біріктіріп, әлемде тоғызыншы орын алған кең-байтақ жерімізді аларған жат көзден аман сақтап, кейінгі ұрпаққа аманаттап кеткен ұлы хан бабамыздың ерен ерлігі Күлтегін бабамыздың: «Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, қара терімді сықтым, қызыл қанымды төктім...» - деп келетін жалынды жырын жадымызға түсіргендей-ау.

Сол хан бабамыздың елімізге сіңірген орасан зор еңбегіне күмән келтіріп, тіл тигізе сөйлеген бір адамның тағдыры қалай аяқталғаны есімнен шықпайды:

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезінде Тайыр Мансұров ағамыз жергілікті зиялыларды жинап, Петропавл қаласында Абылайдың ақ үйін қалпына келтіру мәселесін талқыға салған еді. Сонда бұрын облыстық деңгейде басшылық қызмет атқарған бір ақсақал сөз алып: «Мен Абылай ханды емес, ұлы орыс халқымен достығымызды қастерлеуіміз керек деп санаймын...» деген мағынада пікір білдіріп, түйеден түскендей дүңк еткізген...

Көп ұзамай сол кісі Мәскеуге емделуге барған сапарында дүниеден озыпты деп естідік. Артық айтсам, Алла Тағала кешірсін, сонда аузыма «Ол ақсақалды Абылайдың аруағы ұрды-ау шамасы...» деген сөз түскен...

Айтпақшы, Арман Шораев ініміздің Абылай ханға аспанмен таласқан ескерткіш орнату жайлы бастамасын исі қазақ түгел қолдауға тиісті деп ойлаймын», - деді Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

43 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541