Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2211 2 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 10:58

Мирзияев Мәскеуге сапарын кейінге шегерді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің ақпан айында жоспарланған Мәскеуге сапары маусым айына шегерілді. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді.

Былтыр желтоқсан айында Мирзияевтің Мәскеуге 2020 жылдың 5 ақпанында баратыны хабарланған.

Нематов президент сапарының кейінге шегерілуін "жоғары дәрежелі сапарға жақсы дайындық керектігімен" түсіндірді.

"Сапар аясында аймақаралық, білім беру және меди форумдар өтеді. Сонымен бірге Мәскеудегі ВДНХ-да "Өзбекстан" павильоны ашылады", - деді Нематов.

Ақпарат құралдарында "Мирзияев Мәскеуге барғаннан кейін Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы мүмкін" деген болжамдар жазылған.

Шавкат Мирзияев Ташкент бұл ұйымға әзірге бақылаушы мәртебесін алуы мүмкін екенін жеткізген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519