Сенбі, 30 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 10382. Жазылғандар — 5057. Қайтыс болғандар — 38
Африкалықтың арманы... 2146 21 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 11:25

Етті Уругвай мен Парагвайдан сатып аламыз

Қазақстан етті Уругвай мен Парагвайдан сатып алады. Өткен жылы импортталған еттің құны 200 миллион доллардан асқан.

lsm.kz сайтының деректеріне сүйенсек, 2019 жылы Қазақстан 23 мың тонна етті экспорттап, есесіне 204,8 мың тонна етті импорттаған екен. Сөйтіп елдегі экспорт көлемі 31,2%-ға өскен. Ал импорт 4,2%-ға төмендеген.

57,5 миллион доллар. Бұл экспортталған еттің ақшасы. Қазақстан кімдерге ет сатып отыр? Қараңыз:

Ресей - 10 мың тонна (18,3 миллион доллар),

Қырғызстан - 5,3 мың тонна (7,8 миллион доллар),

Қытай - 3,6 мың тонна (13,6 миллион доллар),

Иран - 2,3 мың тонна (12 миллион доллар),

Өзбекстан - 400 тонна (1 миллион доллар),

Армения - 400 тонна  (657,5 мың доллар),

БАӘ - 300 тонна (1,4 миллион доллар),

Бахрейн - 300 тонна (1,9 миллион доллар).

Ал Қазақстан кімдерден ет сатып алады? Статистикаға сенсек, импорт еттің жалпы құны - 271,4 миллион долларды құрапты.Сонымен, біз ет сатып алатын елдер:

АҚШ -  130,4 мың тонна (127,9 миллион доллар),

Ресей -  30,3 мың тонна (43,3 миллион доллар),

Беларуссия - 22,8 мың тонна (56,3 миллион доллар),

Украина - 10,6 мың тонна (28,8 миллион доллар),

Польша - 3,8 мың тонна (5,5 миллион доллар),

Латвия - 1,7 мың тонна (480,5 мың доллар),

Аргентина - 1,2 мың тонна (2,6 миллион доллар),

Уругвай - 800 тонна (2 миллион доллар),

Бразилия - 500 тонна (545,1 мың доллар),

Дания - 400 тонна (589,2 мың доллар),

Парагвай - 400 тонна (940,6 мың доллар),

Литва - 400 тонна (206,7 мың доллар).

Abai.kz

21 пікір