Жұма, 29 Наурыз 2024
Дат 7535 8 пікір 14 Ақпан, 2020 сағат 11:34

Қазақстан халқына үндеу

Қазақстан Республикасы қоғам қайраткерлерінің
ҮНДЕУІ

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы орын алған қайғылы жағдай әрбір қазақстандықты бей-жай қалдырмады.

Мемлекет тарапынан жедел түрде шаралар қабылданды.

Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылып, кідірместен оқиға орнында жұмысын бастап кетті. Жұмыстарына салғырт қарағаны үшін жауапты тұлғаларға қатысты кадрлық шешімдер қабылданды. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде. Оқиға орнындағы жағдай ақпарат құралдарында ашық және жедел жариялануда.

Біз мемлекет тарапынан тәртіп пен қауіпсіздік орнатуға байланысты іске асырылып жатқан күш-жігерді қолдаймыз.

Еліміздің Конституциясы мен заңдары барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Патриотизмді қалыптастыру, этносаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау барлық Қазақстан азаматтарының борышы.

Тек диалог пен конструктивті қарым-қатынас қоғамдағы бірлік пен келісімнің негізі бола алады.

Президент Қ.К. Тоқаев ашық және кең қоғамдық диалогтың жақтаушысы болып табылады. Міне сондықтан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның аясында мемлекет дамуының өзекті мәселелері ашық талқылануда.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, құқық қорғау органдары мен сот жүйесін реформалау, жастарға арналған әлеуметтік лифттерді қалыптастыру, этносаралық қатынастардың жағдайы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алдағы жұмыс отырыстарында талқыланатын болады.

Дәстүрлі диалог мәдениетін, орын алған өзекті мәселелерді бірлесе шешуді және жалпыға бірдей тиімді жауаптар табуды дамыту қажет деп есептейміз.

Отанымыздың барлық азаматтарын біздің басты мызғымас құндылығымыз – Қазақстан халқының бірлігін сақтауға бірлесе күш жұмылдыруға шақырамыз.

Бұл сынақты еңсеру халқымыздың қолынан келетініне Біз сенімдіміз.

Арыстанбеков Қ.Т.
Ахметбеков Ж.Ә.
Әбенов М.А.
Әбдіғалиұлы Б.
Әзімова Э.Ә.
Әміртаев А.С.
Башимов М.С.
Есдәулет Ұ.О.
Еспаева Д.М.
Елгезек  А.
Есім Ғ.
Ешенұлы Т
Жұмалы Р.Б.
Илеуова Г.Т.
Иса Қ.Ж.
Кенжеханұлы Р.
Қалиев Т.Б.
Қуат Д.
Құттықадам С.Р.
Майгелдинов Қ.Ө.
Мұқибек А
Нұрбек С.
Палымбетов Б.Ә.
Рақымбеков Т.С.
Сыдықов Е.Б.
Садырбай А.М.
Сарым А.Ә.
Саиров Е.Б.
Споткай М.А
Серікбаев Б. С.
Чеботарев А.Е
Шибұтов М.М

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594