Бейсенбі, 9 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 727. Жазылғандар — 54. Қайтыс болғандар — 7
1663 17 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 13:23

Мұхтар Жәкішев үшінші рет өтініш берді

“Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрап, үшінші рет өтініш берді.

Бұл туралы адвокат Нұрлан Бейсекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

-2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы үшінші рет өтініш түсіріп, оны Семей соты 10 ақпанда қабылдады, - деп жазды адвока.

“Қазатомөнеркәсіп” ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекет үлесін сатты деген айыппен ұсталған. 2010 жылы сот Жәкішевті өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жұмсады және пара алуға байланысты айыпты деп танылды.

Мұхтар Жәкішевке араша түсіп, Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігіне сұрау салған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Комитеті Жәкішевтің құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған.

Ал былтыр жазда Семей қаласының соты «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысының мерзімінен бұрын босату туралы екінші өтінішін қарап, қанағаттандырмаған.

Abai.kz

17 пікір