Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 4462 4 пікір 11 Ақпан, 2020 сағат 21:34

Ералы Тоғжанов премьер-министрдің орынбасары болды

Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын", деп жазылған Президент Жарлдығында.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Тоғжанов бұған дейін 2017 жылдың наурызынан бері Маңғыстау облысы әкімі қызметін атқарған.

Abai.kz

4 пікір