Жұма, 29 Наурыз 2024
Аймақ 6020 22 пікір 10 Ақпан, 2020 сағат 12:04

Қордайдағы оқиғаны жылы жауып қоюға болмайды

Еліміз Тәуелсіздік алғанымен, титулды ұлттың азаматтық-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, саяси-этникалық құқығы мүлдем жоқ екенін Қордайда орын алған оқиға айқындап берді. Бұндай оқиға моноұлттық мемлекет құруға бет алған елде енді жиі болып тұрады. Қала да, дала да бұрынғы көпұлттық келбетін жоғалтып, бір ұлттық ажарына ене бастады.

Осыған қатысты арыдан болжап, күні бұрын ұлттық идеология қалыптастыра алмаған билік қазақ-дүңген элиталық-этностық әм экономикалық-қылмыстық қақтығысына орын беріп алды. Біздің шешеуініктер түрлі ұлт аралас қоныстанған жерде тұратындарды ғана қаперге алып, ал, бір ғана ұлт қоныстанған жерде тұратындардың әлеуметтік-экономикалық мүддесін 30 жылдан бері ескермеуінің аяғы қанды оқиғаға бастап алып келді. 

Бұған халық емес, 30 жылдан бері Қордай қазақтарының барлық мүддесін аяққа таптап, тек дүңгендерді ғана адам қатарына қосып келген барша билікте болған шенді-шекпенділер түгелдей кінәлі. Ең алдымен, қазақтың киелі шекарасында дүңгендерге этникалық қылмысты топ құрғызған, жергілікті қазақтарды кәсіпкерлікпен, диханшылықпен айналысуға мүмкіндік бермеген Қордай ауданында билік тізгінін бұрынғы және бүгінгі ұстағандар қатаң жазалануы керек. 

Дұңғандар бұған дейін Қырғыз елінде де бейпілдік танытып, титулды ұлтты басынып, 2006 жылы Қазақстанға қашып бас сауғалаған еді. Енді жаңа отандарында бұрынғы әуендерінде басып, туымызды өртеп, ұстаздарымызды сабап, сексендегі ақсақалымызды таяққа жығып, полицейлерімізді адам деп санамайтын дәрежеге жетті. Бұны қазақ «суыңды ішіп, құдығыңа түкіргендік» дейді. 

Қазақ тілді БАҚ қазақ ұлтына қарсы дұңғандар ұстанған саясат ашық жазылса, орыс тілді БАҚ тек ұлтаралық қақтығыс деп желе жорта өте шығуда.

Осы орайда Алтын Орда сайтында белгілі жорналшы Серік Малеевтің  «Межнациональное столкновение в Кордае. Основа конфликта сохраняется» атты тереңнен қаузаған сараптамалық мақаласы шықты. Біз осы мақаланы Абай кз сайтының оқырмандарына аударып ұсынып отырымыз.

Өз басым, қазақстандық ІІМ сияқты Қордайдағы текетірес тәмәм болды деп жоғарғы жаққа даңғазалаудан аулақпын, әрі жалаулатқан уәждер жасап, жалған қиял құшағында қалмаймын. Тектірес толық біткен жоқ. Оның тереңге жайған тамырын жұлып алып тастай алмайсың.

Мен бұл жағдаятты бүкіл ел көлемінде алып қарастыруды ұсынамын.

Біз неге қол жеткіздік:

Дұңғандар ішімдікті татып алмайтын, еліміздің оңтүстігін мекен еткен этникалық топ.

Олар дініне берік иманы кәміл мұсылмандар.

Бала туу жағынан ешбір проблемалары жоқ.

Дұңғандар – тамаша дихандар әм бизнесмендер.

Дұңғандар – жұдырықтай жұмылған этникалық топ.

Дұңғандардың этникалық тобы бірте-бірте құшағын кеңге жайып келеді. Әрі Қордай ауданындағы өздерінің экономикалық мүддесінің ауқымын кеңейтуде.

Ал, енді өзіміздің тап осы киелі Қордай топырағында тұратын қазақтарға келетін болсақ, мынаны аңғарамыз.

Қазақтардың басым көпшілігі ішімдікті еш татып алмайды.

Қазақтар ислам дәстүрін берік ұстанады.

Қазақтардың дұңғандар сияқты бала туу жағынан еш проблемасы жоқ.

Еліміздің Оңтүстігіндегі қазақтар диханшылық пен бизнесте дұңғандардан еш кем түспейді.

Қазақтар жұдырықтай жұмылған дей алмаймын.

Қазақтар сан жағынан өсіп, Қордай ауданындағы өздерінің экономикалық мүддесінің ауқымын кеңейтуге күш сала бастады.

Ал, Қордай дегеніміз – Қазақстанның Қырғызстанмен шектесетін шекарасы. Бұл жерде үлкен ақша арлы-берлі ағылып жатыр. Оның ішінде контрабанда мен саудадан түсетін қыруар қаржы бар.

Яғни, титулды ұлт қазақ пен дұңған этникалық тобының арасындағы экономикалық мүдделердің конфликтісінің орын алғандығы көзге ұрып тұр. Бұла жерде пассионарлы  [фр. passioner – шексіз құштарлық] дұңған этникалық тобы мен одан да зор пассионарлы қазақтардың арасындағы текетіресі белең алды.  

Міне, осы кезде бәрі бір шетке жиылып қойылып, түсінбестік жайлайды. Ал, түсінбестік, реніш-өкпе орын алған жерде, идеология өмірге келеді. Дұңғандадың жағдайында бұл ұлтшылдық, антиалаштық әм антимемлекеттік идеология. Қазақтар бәрін бауырына басып жатыр, бұның бәрі дұрыс емес, мемлекет бізге өгейлік танытуда деген гөй-гөйлер сөз етіле бастайды. Бұндай мемлекетте дұңғандар үшін еш болашақ жоқ деген пікір алға тартылады. Міне осыдан келіп, болашақ толық қанды конфликті өрбіп әм өсіп шығады.

Оның үстіне антиалаштық әм антимемлекеттік идеология әуелде бірлі жарымдардың қауашығына қонақтай кеулесе, жүре келе, біздегі орын алып отырған идеологиялық бос ауасыз кеңістік жағдайында еш кедергіге ұшырамай, Қазақстандағы дұңған көпшілігінің басты идеологиясына айналып шыға келді. 

Міне біз тап осымен бетпе-бет келіп отырмыз. Қордайдағы дұңған мен қазақ ұлтаралық қақтығысының ең терең де, тамырлы себебі осында жатыр.

Осы қақтығысты тап дұңғандардың өзі бастағандығы кездейсоқ емес. Олардың арасындағы антиқазақтық көңіл-күй бұрыннан пісіп жетілген. Ал, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы төрінде шалжиып отырған осы халықтың өкілдері өз қандастары арасында еш ықпалы жоқ қуыс кеуделер ғана.

Көріп отырғанымыздай бұрала билеп, шарықтата ұлттық ән салумен бұндай проблемаларды еш шеше алмаймыз.

Қанша айтқанмен, Қазақстанның оңтүстігінде жер аз (бұған жастар арасын жайлаған жұмыссыздықты қосыңыз), бірақ қазақтар мен дұңғандар арасында туу өте жоғары болғандықтан, ІІМ жоғарғы шенділерінің ізін ала «Қақтығыс басылды, тұрғындардың алаңдаушылығының еш себебі жоқ?» деп кеңірдек жырта мәлімдей алмаймыз.

Өз басым дәл осылай кесіп-пішпес едім.

Еліміздің оңтүстігіндегі халықтың тығыз қоныстануы проблемасын күшке салатын бір ғана полицейлік іс-шарамен шеше алмаймыз. Оның үстіне қазақтар ешқашан дұңғандар және өзге де Қазақстандағы этникалық топтарды бөліп жармайды.

Дегенмен бәстік құны миллион тұратын бір сауал бар. Неге Қазақстан Халықтары Ассамблеясы мүшелері үшін демократияны белден басып Қазақстан Парламентіне сайлануға квоталық мүмкіндік береміз, неге олар өз қандастарын квотамен халқы аз солтүстікке қоныстануға үндемейді?

Біз тек осылайша ғана Қазақстанның оңтүстігіндегі орын алып отырған жағдай мен жұмыссыздықты, қазақ пен дұңғандар арасындағы экономикалық мүддеден туындаған қақтығыстарды шешеміз.

Бұла арада Қордайдағы дұңғандардың алдында еш таңдау жоқ. Өздері түп көтеріле осыдан 130 жыл бұрын қашқан Қытайға қайыра бара алмайды. 2006 жылы етегін кесіп елінен қуған қырғыз ағайындарға барып та паналай алмайды.

Бірақ жұрттың бәріне, қазаққа да, дұңғанға да, Қазақстандағы басқада этникалық азшылықтардың өкілдеріне жұмыс пен тұрғын үй табылатын халық сирек қоныстанған Қазақстанның солтүстігі бар.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясы міне әлі ешкім түрен салмаған осы бағытта жұмыс істеуі керек. Өздерінің квоталарын толтырып, халық тығыз қоныстанған жерлердегі еңбекке қабілетті жастарын Қазақстанның солтүстігіне аттандырсын. Босып кеткен орыстардан босаған жерді жайнатып, мембағдарлама бойынша салынған үйлерге қоныстанып, өз ұлты арасындағы жұмыссыздық проблемасын шешіп, қазақ елінің бағы үшін қызмет етсін. 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616