Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2599 3 пікір 6 Ақпан, 2020 сағат 10:41

Мемлекет басшысы Ермак Сәлімовті қабылдады

Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Кездесуде тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, атап айтқанда, тері-жүн комбинатының жұмысын қайта жүргізу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар радиологиялық орталықты пайдалануға беру мен жаңа мектептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен көшелердің абаттандырылуы сөз болды.

Президент Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтойлық шараларды сапалы әрі шетелден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Семейге тарихи орталық мәртебесін беру жөнінде маңызды қадам жасалғанын атап өтіп, оның музейлер жұмысының сапасын арттыруға және қаланың көрікті жерлерін абаттандыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды талап ететінін айтты. Аталған нысандар туристер мен қала қонақтары үшін тартымды болып, қызмет етуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сәлімовке волонтерлер қозғалысымен бірлесіп, «Семей орманы» аумағында ағаш егу жұмыстарын ұйымдастырып, бұл акцияға жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616