Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әттең... 4550 20 пікір 4 Ақпан, 2020 сағат 12:02

Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілін білуді міндеттеу керек

Ресей, Армения мемлкетінде бұрын өмірі болмаған Ауғанстандағы иран тілдес түркі нәсілдес халық хазарлар 1995 жылдардың ортасынан бастап, босқындар ретінде саяси баспана ала бастады. Сол елдердің салты мен дәстүріне адалдық танытты. Ал, осы ұлттың Қазақстандағы іс-әрекетті «Жаман үйді қонағы билейдіге» соғып отыр.

Әлемнің әр қиырындағы түрлі азаматтық соғыстан бас сауғалаған этникалық азшылықтар шенеуініктеріміздің ұлтсызданған жалпақ шешейлігінен оп-оңай Қазақстан азаматтығын алып жатыр. Қазақ саннының артуын есепке алуға тиісті моноұлттықты емес, орыстілділікті құп көретін көпұлттықты ту етіп жалаулатқан билік Қазақстан халқы тағы бір ұлт пен ұлысқа артты деп жар салуға кіріседі.

600 хезар ҚР азаматтығын алып, еліміздегі жалған концепция «көпұлттылыққа» өз үлесін қосуда. Олардың ішіндегі еті тірісі құрылысшы инженер бір кездері көк тиынсыз қазақ еліне ауған-кеңес соғысында танысқан қазақ офицерін пана тұтып келіп, босқын мәртебесін алған бүгіндері есін мен етек-жеңін жиып, дүкендерге стеллаж жасайтын фирманың басшысы болған Раджаб Әли Гулам Риза 2017 жылы хезарлықтардың мәдени орталығын құрып, өз тілі мен ділін сақтауға бел шеше кірісіп кетті. Бірақ онда қазақ тіліне орын жоқ. (Бас суретке қараңыз).

Демек, жерімізді паналған жетімек ұлыстар қазақ мәдениетіне пысқырып та қарамайды, тек орыс тілдес ұлыстың қарасын көбейтуге өз үлесін қосуға кірісті. Енді осы ұлттың жастары қазақ елі туралы не дейді.

Раджаб Әлидің жиені 2006 жылы елімізге келген 15 жасар Самир:

«На дари мы говорим только дома, с родителями и между собой, но не всегда. Мне удобней говорить на русском. Но на дари я писать не могу, у нас не было времени учиться. Там сложно, много арабской графики.

Родители говорят, что знать свой язык — это важно. Говори на русском, но не забывай дари. Уже XXI век, родители не препятствуют нам в общении ни с кем. Девушкам тоже. У нас они получают образование. В Афганистане они не имеют права учиться»,- дейді.

Түйін. Босқындарды паналатуда үшін оларды Нұр-Сұлтан мен Алматыға жолатпай, еліміздің Батысы мен Оңтүстігінде қазақ тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін үйрететін арнайы лагерьлер құрылуы керек. Тілімізді керек етпейтін «хазер» сияқты ұлттардың өкілдеріне мемлекеттік тілді ауызша және жазбаша меңгермесе ҚР азаматтығын беруді доғаратын уақыт жетті. Сіз бұған қалай қарайсыз, ағайын!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525