Жұма, 3 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 464. Жазылғандар — 29. Қайтыс болғандар — 3
Әлеумет 3296 14 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 12:19

Тіл туралы таусылмас жыр өз шешімін табатын секілді

Қазақстанды ұлттық мемлекеттіліктен айырып, біртұтас қос тілді азаматтық ұлтқа айналдыру концепциясын көксеушілер бел ала бастады. Орыстілді БАҚ РФ айдап салуымен «мемлекеттік тіл өз қызметін орындай алмауда» деген сылтауды тағыда ту етіп көтере бастады. Армандары – Беларусьтегідей орыс тілін мемлекет тіл деп жариялау. 

Яғни, мемлекеттік қызметтегілер мен бюджеттегілер арасындағы тілді білмеушілер мен білгісі келмеушілерге байланысты қолданылатын жаза түрлері қазақ мемлекетін құруда қолданылмауы керек екен-мыс. Әрі қазақты Украинадағы жағымды фактор тілдік тәуелсіздік қазаққа керексіз модель екен. Қазақ тілі Украинадағыдай толыққанды күшіне енсе, біздің елімізді территориялық бөлінушілікке бастап баратын ұлтаралық текетірестік тағдыры Қазақстанның басына орнайды-мыс. Керек десеңіз «МЕН ҚАЗАҚПЫН» дейтін қазақ ұлтшылдығы «бәсекеге қабілетсіз ұлтшылдық» болып табылады екен.

Гимран Ерғалиевтың «Қазақстан өзінің тіл саясатында қос тілділік үлгісінен ұлттық басымдық бағытына бағдар ұстануға бет алды» («Казахстан идет по пути перехода от билингвальной модели языковой политики к национально доминирующей») атты мақаласы санамызға көп ой салады. Автор Петр Своик,  Жеңіс Байқожа, Ғазиз Әбішев және Михаил Розовтардың жеке бастық пікірін жұртқа өзі қойған сауалдарына берілген жауаптар арқылы жайып салады. Біз осы Zonakz.Net сайтына шыққан мақаланы Абай кз оқырмандарына аударып ұсынып отырмыз. 4 сауал: 4 пікір әм 4 ұстаным. Осылардың ішінде тек Михаил Розов қана «қазақ тілі түбі салтанат құрады» деп көңілімізді орнына түсірді. 

«Тілдер туралы Заңның орындалмауы – Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің кепілі ме?» 

Петр Своик: 

– Мен бұны 30 жылдық мерейтой қарсаңындағы «орыс тілдінің» ой-толғамы дер едім.  Тап: 1989 жылдың 22 қыркүйегінде КСРО-ның құлап тынатындығы елдің ойына кіріп шықпаған шақта, Қайта Құру бұрын ешкімнің ойында болмаған дүниені бізге сыйға тартты. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы өзінің «Тіл туралы» Заңын қабылдады. Онда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі деп тұжырымдалды. Сол себепті бүгінгі қаңтар айында біз отыз жылдан артық уақыт мемлекеттік тіл мәртебесі бар қазақ тіліне қол жеткіздік. Осы кезеңде өмірге келген бір буын ержетті, мүмкін болғанның бәрін уақыт өз орнына келтірді. Ары қарай “жүзеге аспайтын дүниенің жүзеге асырылмауы” жайлы сеніміміз нығая түсті.

Оның үстіне 1995 жылғы Егемен Қазақстанның Ата Заңы қабылданған тамыз референдумы нәтижесіндегі талап етуді орындау үшін 1997 жылы  өмірге келген Заң бұрынғы тілдік саясаттың айна-қатесіз жалғасы болып табылды.

Қадап айтарым: қазақ тілі мемлекет құрудың түп қазығы болып табылады. Ол – бірден-бір әм еш алмастырылмайтын қарағайға қарсы біткен қисық бұтақ. Жұрттың бәрі өзге барша мемлекет әм оның азаматтары мемлекетшілділік пен елішілік келісімнің кепілі болып табылатын бір ғана мемлекеттік тілде сөйлейді дегенді айтады. Бірақ осының бәрін жүзеге асыратын мемлекеттің өзі де өз мемлекеттік тілін қажет етпейтіндігі, оның азаматтарының басым бөлігі мемлекеттік тілді мүлдем меңгермеуі шындығында тап осындай мемлекеттің ең үлкен бас ауруы (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселені мемлекет жуық арада қолға алып, әрі өзінің тұрақтылығы мен азаматтық тыным-тыныштығын сақтау үшін байыпты түрде өте тез түбегейлі шешуі керек.

Бөліп жарып айтарым: қазақ тілінің мәртебесі «терезесі тең болудың орнына» тек іс-қағаздарын аударудың шеңберімен ғана шектеліп отыр. «Орыс тілділер» үшін латынға көшу мен қалалар мен көшелердің атауын өзгертуді есепке алмағанда қазақ мемлекетіндегі тағдыр-талайлары туралы дабылдар жетіп артылады. Бірақ неге екені белгісіз Қазақстаннан «орыс тілділердің» бірен-сараңдары ғана сыртқа кеткенімен, ешқайсы жаппай көшіп жатқан жоқ? Осы жақсы өмір іздеген бірен-сараңдардың ішінде жас әм білімді қазақтардың саны тіптен аз.

Менің сіздерге айтарым, қазақ мемлекетінің тіл заңнамасынның қатаңдығы орындалуының міндетті еместігімен түкке жарамсыз болып қалады.  Мысалға, заң бойынша мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде жобаланып қабылдануы керек, қажет жағдайда оның жасалынуы мен қабылдануы орыс тілінде жүргізіледі делінген.  Бұл шенділердің өз еншісінде қалдырылған «құзіреттілік», бірақ аталған жағдай еш баламасыз артықшылық ретінде Қазақстан мемлекетіндегі заң актілері ешқашан мемлекеттік тілде жасалмайды әм қабылданбайды деген сөз. 

Яғни, заңды орындамау, оның орындалмағанын қаперге алмау, не болмаса, мың сылтау айтып ақталу, егер осыны орындамағаны үшін біреу назарға іліксе, ештеңке болмағандықты тану қанымызға сіңген дағдыға айналып үлгерді. Жабылған қазан жабылған күйінде қалушылық қанымызға әбден сіңді.

Заңды қалыптасқан өмірілік шындыққа жақындату үшін, заңдағы шындықпен сәйкестендіру үшін, ең ұғынықтысы: екі мемлекеттік тілді заңдастыру керек. Осы тұрғыдан келгенде, билік пен басқару органдарында орынтақ иеленушіге әм қазақ, әм орыс тілін білу талап етіледі. Бұл жағдайда ұлттық мемлекеттік қазақтықпен толығады жәнеде өзінің тас қамал кепілдігін иеленеді, әрі «орыс тілділер» қазақ мемлекетін құруға атсалыса алатын болады. Қазақстан баршамыз үшін біртұтас қос тілді азаматтық ұлтқа айналады.

– «Қазақ болу болмауың шарт емес, бірақ қазақша білуге міндеттісің...» 

Жеңіс Байқожа:

– Өткен жылдың аяғынан бастап, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тілді біліп, оны қолдануға міндеттейтін заңнамалық нормаларды енгізуді талап етушілік күш ала бастады. Бұл орайда ұлттық-патриоттық бағыттағы қоғам қайраткерлерін сөз етпегенде, бірқатар қазақ зиялы қауымының және тілші-ғалымдарының өкілдері ел алдында өз ойларын жайып салғандығын еске алғанымыз ләзім. 2019 жылдың шымылдық жабарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы ҚР премьер-министрінің атына сауал жіберді.

Бүгінгі күнгі қолданыстағы заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» (4 бап) деп жазылған. Бірақ парыз дегеніміз – міндетті дегенді білдірмегендіктен, осы бір жағдаят республикамыздың тілдік кеңістігінде қазақ тілінің сөзсіз әм толыққанды жеңіске жетуін қалаушыларды қатты қапаландырады.

Қысқасын айтқанда, жауапкершіліксіз міндеттілік дегеніміз – ешбір декларациямен бекемделмеген, бос лепірмешілік. Демек, «А»-ны айтқан сенатор «Ә»-ні де сөз етуі керек еді. Яғни, тілді білмеушілер мен білгісі келмеушілерге байланысты  қолданылатын жаза түрлері жалпылама түрде болса да еш ауызға алынбады. Ақшалай айыппұл ма? Кәсіби қызметпен айналысу құқығынан айыру ма? Мәжбүрлі қоғамдық еңбек пе? Әкімшілік қамауға алу ма? Ата-баба дәстүрімен жанына батырып дүре соғу ма? Бәлкім, етегін кесіп, елден қуу ма?

Украинаны бүгінгі жағдайға жеткізген ең басты факторлардың бірі сол елде орын алған тілдік мәселе екендігін бәріміз де жақсы білеміз. Сенатор мырза тап осындай жағдай, яғни,  біздің елімізді территориялық бөлінушілікке бастап баратын ұлтаралық текетірестік тағдыры Қазақстанда да орын алып кете ме деп ойлаған сияқты деп есептейміз.

ҚР әрбір азаматының бойында мәртебелі кәсіп пен қажетті ілім-дағдыға қол жеткізе алу сезімін ұялатуға бүгінгі таңда қазақ тілі қауқарлы ма? Әрине, еш қауқарсыз.

Қазақ тілі тап осындай мәртебені иеленуі үшін, нағыз жұртқа қалаулы болуы үшін жылдардан жылдарға ұласқан тынымсыз тер төгу харакеті қажет. Өздерін «Ана тілінің» қамын жеушілерміз деп санап, ақ тер, қара тер болушылар осы бағытта жандарын сала еңбек етуге тиіс. Әзірше, олар міндеттеу мен мәжбүрлеу сынды қарапайым әдістерді ұсынады…

Ал, күрмеуі қиын түйінді оңай жолмен шеше салуға шақыру дегеніміз – бір сөзбен айтқанда   «популизм».

– «Қазақстандағы ұлттық жоба үшін үш жол» 

Ғазиз Әбішев: 

– Қазақстандағы өзгеріске ұшыраған демографиялық жағдай ұлтшылдық көзқарастағыларды өре түрегелтті. Ұлтшыл-патриоттардың күн тәртібінде бірнеше мәселе көтерілуде. Олардың ішінде бірінші орында қазақ тілінің даму мәселесі тұрады. Олар орыс тілін ҚР Ата Заңындағы ресми тіл мәртебесінен айырып, сонымен бірге, мемлекеттік тілді білмейтін азаматтарды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салуды ұсынады. Басқалары болса, «қазақ жерінде қазаққа қазақ қана ел болатын» моноэтникалық қоғамды армандайды. Өз кезегінде постколониалистік дерт жабысқан алармистер (даңғазашылар) болса, өздерін қоршаған ұлы қағанаттардың (державалардың) мәдениетіне сенімсіздікпен әм жеккөрушілікпен қарап, оларды қазақ мәдениеті мен өркениетін сақтап қалуға төнген қатер деп санайды.

Өсе түскен ұлтшыл-патриоттық көңіл-күйге қарамай, тұрғындардың басым бөлігі және саяси  элита түрлі этнос пен олардың тілдеріне қатысты толеранттық танытып, радикалды идеологияға сыншыл көзбен қарайды. «Тап осындай стратегия жемісті болып табыла ма?» деген сауал туындайды. Бұған берілер жауап та өте қарапайым: халықаралық тарихи тәжірибені және бүгінгі таңдағы әлемде қалыптасып отырған әлеуметтік-мәдени және геосаяси жағдаятты ескере отырып, этносаралық толеранттық Қазақстан жалына жабысуға тиіс ең тиімді дүние болып табылады.

“Қазақ халқының мүддесі неден тұрады?” дегенді алып қарайтын болсақ, онда «қазақ халқы» тарихи жобасы табысты Қазақстан мемлекетін құру арқылы тиімділікпен жүзеге асады. Өйткені, өз дербес мемлекеті жоқ этностар басқалардың көшіне ілбіп ілесушілер санатына жатады.  Осыдан шығара түйіндер болсақ, онда «қазақ халқы» жобасының құндылықтарының сатылануы: 1) Мемлекеттік тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты сақтаудан; 2) Азаматтарының экономикалық баққуаттылығынан; 3) Демократия мен жеке бас бостандығынан; 4) Халықаралық аренадағы дербестігінен тұрады. Осы төрт мақсат жүзеге асырылған жағдайда ұлттық жоба жүзеге асырылып, милети табысқа қол жеткізіледі.

«Қазақ халқы» тарихи жобасы өзі алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға тырысқан шақта ұлт өз алдынан ұшырасатын үш жолдың бірін таңдауға тиіс. Бірінші жол – даусыз ұлтаралық толеранттық. Қазақ халқы Қазақстан мемлекетін құру барысында этностық емес, азаматтық принциптерге сүйенген қазақстандық ұлтты өмірге әкелуге тиіс.

Екінші жол – бәсекеге қабілетті реңдік ұлтшылдық. Бұл ұлтшылық формасы ғасырлар бойы тәжірибе мен білімнің мол қорын жинақтаған әлеуетті инженерлік ұлттарға тән. Мәселенің мәнісі мынада, математикаға бір адамды, он адамды, тіпті жүз адамды аз уақытта үйретіп шығуға әбден болады, бірақ тұтас бірұлтты кәсіби-техникалық қатынастың көрігінде өте аз уақытта қорғасындай қорытып шығуға еш болмайды.

Ең ақырғы үшінші жол – бәсекеге қабілетсіз ұлтшылдық. Иманы кәміл, ойы түзік қазақ патриоты қазақ халқы өзінің тарихи дамуында әлі күнге дейін шартты-тәуелсіз (абсолютті тәуелсіз ұлт әлемде еш кезікпейді) инженерлік ұлтқа айналған жоқ деп ашық мойындайды.

Сөз соңында айтарым, бодандық бұғауында асып-тасығандық тұтас халықтың тәуелсіздігі қасында түкке тұрмайды. Қазақстан қашанда қазақ халқының бітім-болмысын тарихи тасқыннан қорушы тәуелсіз мемлекет болуы керек. Бірақ та қазақтар ұлтшылдық немесе шовинизм деңгейінде алақтай шорақтаушылық ғадетінен адалануға тиіс. Қоғамдағы барша этникалық топтардың меселін қайтармайтын толерантты әм жалпақшешейлік дәулет түзіп, өзге халықтардың ең пайдалы дүниелерінен тәлім алып, өз дәстүр салтына енгізуі шарт.

Сонымен Қазақстан табысқа қол жеткіземін десе, аталған екі жолдың бірін таңдауға тиіс. Этносқа кіндігі жабыспаған азаматтық саяси ұлтты құруды – осы бастан қолға алып, адамды кемсітудің барша формасымен бел шеше күресіп, аяқ-қолға тұсау болатын барша ескі наным-сенімдерден ада-күде арылу арқылы  әлемдік кең көлемді либералды жүйеге қол жеткізуге талпыныс жасауымыз шарт. Әлеуетті де бәсекеге қабілетті моноұлттық мемлекет құруға әбден болады. Бірақ ол үшін бел шеше еңбек етіп тағыда ондаған жылдарды сарп етуге болады. үшінші жол, яғни, бәсекеге қабілетсіз ұлтшылдық Қазақстанды тек күйреуге бастап алып келеді.

– «Қазақстанның латынға көшуі. Екінші серия» 

Михаил Розов:

 – Дегенмен Қазақстанда жүріп жатқан тілдік саясаттың жалпы тренді – әлбетте, көзге ұрып тұратын қазақ тілінің қолданыс аясын одан ары кеңейту. Шырылдаған шындық үшін ағынан жарылып айтарым: Қазақстанның бұрынғы КСРО-ның көптеген басқа елдеріне қарағандағы ерекшелігі тілдік безбеннің басының мемлекеттік тілге қарай аууын үш онжылдыққа созды. Осылайша, сонау ҚазКСР кезіндегі 1989 жылғы «Тіл туралы» заңда қазақ тілі – мемлекеттік, ал, орыс тіліне – ұлтаралық қарым-қатынас тілі деген мәртебе берілген. Тек, араға аттай 31 жыл салып, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне қазақ тілі де үміт ете бастады.

Осылайша, Қазақстан өзінің тіл саясатында қос тілділік үлгісінен ұлттық басымдық бағытына бағдар ұстануға бет ала алды. Таяу он жылда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдау арқылы жаңа құқықтық мәртебе беру мәселесі кең көлемде көтеріліп, қызу талқыға түсетін болады деп ойлаймын. Осы аталған уақытқа дейін де осының заң қабылануына еш күмән келтірмеймін. Оның басты нормасы еліміздегі барша азаматтарға қазақ тілін білуді міндеттейтін бап болады.

Ал, орыс тілінің тағдырына келетін болсақ, оның қарым-қатынас жасау аясы демографиялық және саяси факторлар дүмпуіне байланысты бірте-бірте тарыла түседі. Дегенмен бұл үрдіс жуық арада емес, ешкімге онша білінбей дабырасыз орын алып, елеусіз өте шығады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

14 пікір