Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3740 11 пікір 31 Қаңтар, 2020 сағат 11:17

Біз адамзатқа қажетті өнім шығарып көрмеген ұлтпыз

Қазіргі көп негативтердің астарында қазақ қоғамының жаңа заман ағымына бейімделе алмауы да жатыр. Біз ешқашан, ешуақытта әлемдік ашық конкуренцияға түсіп, ата-бабамыз капиталист болып адамзатқа қажетті өнім шығарып көрмеген ұлтпыз. Соңғы 200 жыл отаршылықта болып біз үшін біреу шешіп келді. Тәуелсіздік алған 30 жылда жаңа Қазақстандық құндылықтар толық қалыптасып бітпеді. Жабық кеңес заманында өскен әке-шешеміз де білгенін, көргенін айтып тәрбиеледі. Біз сол буынның бүгінгі ұрпақтарымыз. Біреу дінге, енді біреуі жалған ұранға, басқасы ұсақ-түйек үшін қырқысқан болмайтын дауға айналған қоғамымыз бар.

Коммунизмнен капитализмге өтпелі заманда отырған біздің қоғамға мықты құқықтық, қаржылық, мемлекеттік бағдарламаларды білу мен оны пайдалану, отбасы кикілжіңін шешу мен қоғамда орнын табу үшін психологиялық тұрғыда мықты мамандардан кеңес алу жетіспейді. Сана трансформациясы осы төрт саладан басталуы тиіс. Сана, менталитет, түсінік өзгеруі керек. Алға жылжу бар. 2000 жылдардағы халық пен бүгінгі қоғамды салыстыра алмайсың. Бірақ әлемдік даму да орнында тұрған жоқ. Адамзат баласының дамуы, технологияның өсуі біздің қоғамдық дамудан күшті.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596