Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3705 1 пікір 31 Қаңтар, 2020 сағат 11:11

Сұлтанмахмұттың шығармалары сахнаға, экранға шығу керек

27 жасында өкпе ауруынан қайтыс болған Сұлтанмахмұт Торайғыров қайткенде де білім алуды арман етіп, тұрмыстың барлық тауқыметіне төтеп береді. Сол кездегі хал-жайын Сұлтанмахмұт бір хатында былай деп баяндайды:

"... Жұмасына екі ғана обед етем; құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәрте болсын барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным - ала қағаздың беті... Халім - осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да, көтерем. Бірақ көңілім оқуда болмақ... " дейді.

Аш, жалаңаш болса да оқу-білімге деген не еткен құштарлық десейші?! Оның "Кім жазықты" деген өлеңмен жазылған романын, "Осы да әділдік пе?" өлеңін, "Адасқан өмір" поэмасын оқығанда көзіңе жас алмай тұра алмайсың.

Сахнаға, экранға жол тартуға тұрарлық туындылар бар екен, жоқ емес...

Айзат Қадыралиеваның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір