Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2702 0 пікір 30 Қаңтар, 2020 сағат 10:49

Қырғызстанға Қытайдан 12 студент оралды

Қырғызстанда эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, коронавирус анықталған жәйт жоқ деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

«Қытайдан оралған 6 студент Ыстық-Ата ауруханасында жатыр, қалған алтауы - Мәскеу аудандық ауруханасында. Бәрі бақылауда. Олардың жағдайы бірқалыпты. Коронавирус белгілері анықталған жоқ», - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі.

Қырғызстанда Қытаймен шекараға бақылау күшейтілгені айтылады. Ош пен Бішкек әуежайларына тепловизор орнатылған. Шетелден келген барлық азаматтар тексеріліп жатыр.

Қытай денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының мәліметінше, 28 қаңтардағы жағдай бойынша 5 мың 974 адам жаңа вирусты жұқтырған. 132 адам қайтыс болған. Тағы 9 мың 239 адам вирусты жұқтырды деген күдікпен бақылауда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1560
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503