Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Анық 4964 6 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 12:59

Біртанов: Қытайдан келген 4 адам ауруханаға жатқызылды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 6 қаңтардан бастап Қазақстанға Қытайдан қанша адам келгенін, олардың арасында қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін дегендердің де бар екенін айтты. 

- Бүгінге дейін елімізге Қытайдан 25 858 адам келді. Олар - Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар. Барлық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіне, содан кейін бақылау комитеті арқылы беріледі. Тексерулер және азаматтармен байланыс тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі, - деді министр.

Министр Біртанов Қытайдан елге келген азаматтардың арасында ыстығы көтерілген, ЖРВИ (ОРВИ) белгілері анықталған адамдар да бар екенін айтады.

- Бүгінгі таңда ыстығы көтерілген 23 науқас келді. Олардың 4-еуі вирус белгілері болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Себебі, олардың денсаулығындағы кейбір белгілер мен вирустық инфекция арасында нақты айырмашылық жоқ. Сондықтан, олар ЖРВИ-ға күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды,- деді Біртанов.

Министр ауруханада барлық қажетті қан анализдері алынғанын айтты.

- Үш күн ішінде толық диагноз қойылады. Тиісті терапия басталды, - деп қорытындылады ДСМ министрі.

Айта кетейік бүгінде ресми Бейжің таратқан мәлімет бойынша, қауіпті короновирустан қайтыс болғандар саны 106 адамға жеткен. Ал белгісіз індетті жұқтырғандардың қатары 1300 адамға көбейіп, 4515 адам болған.

Белгісіз пневманиялық короновирустың таралу ошағы Қытайдың Ухань қаласы. Онда ресми 11 миллион адам тұрады. Қазір бұл қауіпті індет Қытай шекарасынан асып, АҚШ, Канада, Франция, Австралия, Германия, Жапония және Оңтүстік Корея аумақтарына дейін тараған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530