Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4328 0 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 14:22

«Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» 

Облысымыздағы білім беру, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің бастамасымен оқу орындарындағы оқушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету, сондай-ақ олардың бос уақыттарында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында барлық оқу орындарының, оның ішінде, барлық мектеп, колледждердің вахтерлары мен күзетшілері үшін арнайы семинар-тренинг өткізілді. 

Семинардың тақырыбы «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» деп аталады. Қаладағы аграрлық-техникалық колледждің ғимаратында өткен семинарға құқық қорғау органдарының, білім беру басқармасының  өкілдері, психологтар және 100-ге жуық вахтерлар мен күзетшілер қатысты. 

Семинар барысында  оқу орындарының аумағында белгісіз тұлғалардың күдік тудыратын  әлдебір заттарды қалдыру кезінде іс-әрекет жасау алгоритмімен таныстырып, қандай шара қолдану керектігін жеткізді. 

 Сонымен қатар БҚО-да тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Қарлыға Алпамысқызы «СНЮС» секілді темекі бұйымдарымен таныстырып, оның қолданудағы зияндылығын да айтып өтті. 

«Снюс - жастар мен жасөспірімдер арасындағы жаңа "сәнді" сигареталардың аналогы. Алайда "аналогы" дегенмен ол "зиянсыз" дегенді білдірмейді. Снюс өте қауіпті, ол әдеттегі темекіден 7-10 есе улы және өте тез никотин тәуелділігін тудырады. Снюске психикалық және физикалық тәуелділік әдеттегі темекі тәуелділігінен әлдеқайда күшті. Түтінсіз темекіні пайдалану кезінде никотин мен басқа да заттар сілекейге бөлініп, бірден ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы қанға түседі. Снюстегі никотин мөлшері темекінің құрамына қарағанда бірнеше есе көп және бұл бала организмі үшін қауіпті дозасы. Снюсті пайдаланудан бас тарту-шылым шегуден бас тартуға қарағанда әлдеқайда қиынырақ»,-  деді Қарлыға Алпамсқызы баяндамасында.   

Жиын кезінде полиция қызметкерлері діни эктремизм мен терроризм бойынша түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.  

Бүгінгі күні эктремизм өзінің алуан түрлілігімен көп таралған құбылысқа айналды және үлкен қауіп-қатер тудыруда. 

Діни сауаттылықтың жоқтығы экстремистерге өздерінің қатарына азаматтарды көптеп тартуына, олардың радикалды көзқарастарды ұстануыларына, туыстары мен Отанына қарсы шығуларын насихаттауға мүмкіндік береді. Бұл жерде олардың ықпалына жас азаматтардың көптеп түсуі қиын мәселе болып тұр. Радикалды топтардың экстремистік қызметі билікті зорлық-зомбылықпен басып алуға, мемлекеттің аумақтық тұтастығын және зайырлылығын бұзуға, осы мақсатта діни жауластыру мен  жеккөруді тудыруға бағытталған. 

Өкінішке орай, бұндай фактілер бізде де бар.

Сондықтан, келген теолог мамандар мен қала мешітінен келген имам ойланбастан осындай әрекеттерге баратын жастарға дұрыс жол көрсетіп, діни сауатсыздыққа жол бермеуге ат салысуға шақырды. 

Сондай-ақ, қатысушыларға қоғамда орын алып жатырған педофилия қылмысы туралы да жеткізілді. Яғни, мектеп оқушылары мен төменгі курс студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың сабаққа келіп-кету кезінде кіммен келіп, кіммен кететініне аса мән берулерін сұрады. 

Тіпті семинар барысында қатысушылардың қырағылығы мен зейінін тексеру, сондай-ақ, сергіту мақсатында  БҚО ПД инспектор-психологы «Профайлинг» әдісі бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізді. 

БҚО ПД баспасөз қызметі 

Abai.kz

0 пікір