Жұма, 19 Сәуір 2024
Әлеумет 4744 2 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 11:10

Ұлттық банктің жаңа талабы шағын кәсіпкерлердің мүддесіне қайшы

«Ақ жол»: Ұлттық банктің айырбастау пункттеріне қойылатын жаңа талаптары шағын кәсіпкерлердің мүддесін қорғамайды 

Ұлттық банктің айырбастау пункттеріне қойылатын жаңа талаптары шағын кәсіпкерлердің мүддесін емес, үлкен бәсекелестік пен банктерді қорғауға бағытталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Қаржылық бақылау агенттігіне жолдаған депутаттық сауалында айтты. 

Мәселен, аймақтардағы кездесулер кезінде «Ақ жол» партиясына шағын қалалар мен облыс орталықтарында валюта айырбастау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер жүгінді. Олардың айтуынша, 2019 жылғы 4 сәуірде Ұлттық Банк қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелеріне түзетулер қабылдады. Атап айтқанда, түзетулер айырбастау пункттерінің ең төменгі жарғылық капиталын арттырады:

- Нұр-Сұлтан қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардағы, бұрынғы ережелер бойынша - 30 млн. теңге болып қалады. Ал, облыстардың әкімшілік орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалардағы әрбір айырбастау пункті үшін 100 млн. теңге (бұрынғы ережелерде - 20 млн. теңге) болуы керек. 

Басқа жерлерде орналасқан әр айырбастау пункті үшін 50 миллион теңге (бұрынғы ережелер бойынша - 10 миллион теңге) болуы керек. 

Сонымен қатар, көрсетілген сома айырбастау пунктінің кассасында болуы керек.

 «Неліктен жүз миллион теңге? Бұл үлкен сома қайдан пайда болды? Сонымен қатар, бұл сома бизнес иесінде емес, тікелей айырбастау пунктінде  болуы керек пе?» Кәсіпкерлерді осындай сұрақтар мазалайды.

 - Ұлттық Банк жарғылық капитал мөлшерінің ұлғаюы мен кассада қаражаттың болуын бизнесті шоғырландыру және кассадағы қолма-қол ақшаның аз болуына байланысты клиенттерден бас тартуға жол бермеу деп түсіндіреді. «Мысалы, кенеттен алмастырғышқа біреу келіп, бірден 300 мың доллар алғысы келеді. Сондай жағдайда клиент өтінішінен бас тартпау үшін кассада осындай сома болғаны дұрыс» дейді. 

«Ақ жол» партиясы мұндай талап шағын және орта бизнес үшін үлкен қаражат, сонымен қатар, бұл қарумен жарақталмаған айырбастау пункттеріне шабуылдардың көбеюіне себеп болады деп санайды. Бір сөзбен айтқанда, мұндай талапт бизнестің өзіне де, оның қызметкерлерінің өміріне де қауіп төндіреді. 

Бұдан басқа, реттеуші ережелерге айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын өзгерту және клиенттің жеке деректерін бекіту бөлігінде түзетулер қабылдады.

Ақша айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын қысқарту нарық үшін қиындықтар туғызады. Өйткені, көптеген операциялар кешке жүзеге асырылады. Көптеген жұмыс істейтін азаматтар жұмыстан кейін валютаны ауыстыруға келеді. Сондай-ақ, әдетте олар жалақыға байланысты 100-200 доллар көлемінде валюта сатып алады. 

«Ұлттық Банктің клиенттің жеке деректерін есепке алу жөніндегі талабына келетін болсақ, бұл норма «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, жеке деректерді жинаудың, өңдеудің және қорғаудың ерекшеліктері тек заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен реттеле алады деген талапты бұзады деп санаймыз» - делінген хабарламада.

Депутаттар бұл талаптардың шағын кәсіпкерлерге бағытталғаны дұрыс емес деп есептейді. Себебі, шағын бизнестің күзет агенттігін жалдап, әр кассирге күзетші қоюға қауқарлы емес. 

«Сонымен бірге, бұл саладағы шағын бизнес тек жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймайды. Сонымен қатар сол банктерге қарағанда клиенттер үшін неғұрлым қолайлы тарифтермен және икемді шарттармен қызмет көрсетеді. Олардың жасанды «қысымы» валюталық нарықтың (мысалы, кешкі және түнгі) қалыптасуына және Өзбекстандағы сияқты ресми және нарықтың қосарлы бағамының қалыптасуына әкеледі.

Көршілердің тәжірибесі неге біздің шенеуніктерге сабақ болмайды?» - деді Қазбекова.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы Агенттіктен бұл мәселеге тек банктердің ғана емес, сонымен қатар осы саладағы шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен қайта оралуды сұрайды.

Abai.kz

2 пікір