Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Өз сөзі 5349 8 пікір 20 Қаңтар, 2020 сағат 11:33

Путин неден қорқады?

15 қаңтарда бүкіл Ресей өміріндегі маңызды оқиға болды. Федералды Жиналысқа жолдауында Ресей президенті Путин үкіметтің алдағы жылға арналған экономика және әлеуметтік саладағы негізгі міндеттерін атады, сондай-ақ Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілгенін жариялады.

Deutsche Welle неміс басылымы өз мақаласында, Ресей билігі бүгінде экономика қиын жағдайда екенін, әрі соңғы жылдары азаматтардың кірістерінің төмендегенін түсініп отыр. Осыған байланысты билік пен оның маңызды тұлғаларының рейтингі төмендейді. Қолданыстағы мәселелерді шешу үшін байыпты, қажет болса түбегейлі шаралар қажет екені анық.

Путин бұл бағытта маңызды қадам жасады - ол ұсынған конституциялық түзетулер оны елдегі болып жатқан барлық істер үшін жауапкершіліктен босатады. Енді премьер-министр мен депутаттар әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелермен айналысатын болады.

Неміс саясаттанушылардың пікірінше, мұндай дайындық 2024 жылға, яғни елде президенттік сайлау өтетін уақытқа (Путин қатарынан үшінші мерзімге түсуге құқылы емес), саяси қайраткер ретінде президент кімнен қорқатындығын көрсетті.

Бұл тізімдегі бірінші болып Дм. Медведев, ол өзіңіз білетіндей, мемлекеттік кеңес басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды (мемлекеттік кеңесті Путин басқарады). Мамандардың айтуынша, осылайша мемлекет басшысы бұрынғы премьер-министрді бақылауда ұстағысы келеді.

Айтпақшы, Медведевке бұл лауазымға үлкен ықпал ету қиынға соғады, өйткені МемКеңестің хатшысы Н. Патрушев қауіпсіздік күштеріне әсер етудің барлық тұтқаларына ие. Бұл адам Медведевке жақын жүретіндердің қатарынан емес...

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522