Сенбі, 20 Сәуір 2024
3968 0 пікір 20 Қаңтар, 2020 сағат 10:08

Шыңғыс Айтматовтың қызы президентке ашық хат жариялады

“Үміт 2020” қозғалысының жетекшісі Шырын Айтматова президентке ашық хат жариялап, қозғалыс өкілдерінің қуғын көріп жатқанын мәлімдеді.

Ол қозғалыстың қандайда бір саяси амбициясы жоқ екенін, елдегі коррупциялық іс-әрекеттерді әшкерелеуді ғана көздейтінін білдіріп, президент Сооронбай Жээнбековтен өзін қабылдауын сұрады.

- Біздің бірқатар мүшелерімізді қамап, мүлкімізді рейдерлік басып алу әрекетімен бірге аңду жүріп жатыр. Сіз сөз бостандығын қорғап, ұрылармен күресті тоқтатпайтыныңызды айтқансыз. Бірақ елде жағдай керісінше болып жатыр. Сізден өтінерім, “Үміт 2020” қозғалысы өкілі ретінде қабылдаңыз. Сізбен елдегі репрессиялар және сөз бостандығына қатысты бетпе-бет сөйлескім келеді, - делінген ашық хатта.

“Үміт 2020” қозғалысы осыған дейін бірқатар коррупциялық істерге қатысты өзінің зерттеуін жүргізген. Оның ішінде Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төрағасының орынбасары болған Раимбек Матраимовтың мүлкі және табысы туралы зерттеу жүргізіп, "#REакция" митингіне белсенді түрді қатысқан.

Содан бері қозғалыс өкілдері қуғындалып келе жатқанын айтады.

Abai.kz

0 пікір