Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 3656 7 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 13:13

Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Президенттің кадрлық резерв мүшелерімен кездесу өткізіп жатыр. Кездесу барысында Президент Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет екенін айтты.

- Қазақстанға қоғамның сұранысына сай, тиімді және әділ мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Бұл ретте ол ең заманауи технологияларды пайдалануға негізделуі тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар, елдің әрбір тұрғынының үні жоғарға жетуіне мүмкіндік жасау керек екенін айтты.

Бұл үшін тиісті саяси тетіктерді дамыту керек. Нақты өңір тұрғындарының мемлекеттік шығыстарға қатысты пікірін ескеру мақсатында халықтық қатысу бюджетінің жобасы іске асырылатын болады. Ашық үкімет порталы азаматтардың маңызды шешімдерді талқылаудағы мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс", - деді Президент.

Президенттің кадрлық резервке іріктеу былтыр республиканың барлық аумағында жүргізілген. Бұл сынға 13 мың адам қатысып, олардың 300-і таңдаудан өткен болатын.

Abai.kz

7 пікір