Дүйсенбі, 28 Қараша 2022
Аймақ 3248 7 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 12:06

Сенаторлар шымкенттік жастарды дамудың қозғаушы күші болуға шақырды

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапар аясында Шымкент қаласының белсенді жастарымен кездесті.

М.Әуезов атындағы Орталық Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми-зерттеу орталығында өткен шараға педагогтар, басқармалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әңгіме барысында еріктілік, азаматтық қоғамды дамыту, дарынды жастарды қолдау туралы әңгіме өрістеді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Жастар жылын қорытындылады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова Парламент Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің алдағы жұмыс жоспарымен бөлісіп, жастарды Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күш болуға шақырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1501
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1582
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1747