Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2391 7 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 11:05

Иранда украин "Боингын" атып түсіруге қатысы бар бірнеше адам ұсталды

Иран билігі Украина әуе компаниясының "Боинг" ұшағын атып түсіруге қатысы бар бірнеше адамды ұстады. Бұл туралы Reuters Сот билігінің баспасөз хатшысы Гхоламхоссейн Эсмаилиге сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығының қайғылы оқиғаға қатысы бар. Нақты қанша адам ұсталғанын ол айтпады.

14 қаңтарда халыққа телеүндеу арнаған Иран президенті Хасан Роухани "Боинг" ұшағы апатына кінәлілерді жазалауға уәде берген. Бұның алдында иран билігі МАУ компаниясының ұшағын абайсызда атып түсіргенін мойындаған.

"Боинг-737" жолаушы ұшағы 8 қаңтарда Тегеран аэропортынан ұшқан уақытта апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 167 жолаушы мен экипаждың 9 мүшесі болды. Олардың барлығы қаза тапты.

Иранда бірнеше күннен бері наразылық акциясы өтіп жатыр. Мыңдаған студент елдегі саяси жүйені реформалауды талап етіп отыр.

Abai.kz

7 пікір