Жұма, 29 Наурыз 2024
2505 2 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 11:03

Бұрынғы энергетика вице-министріне айыптау актісі оқылды

14 қаңтарда Қарағандыда Қазыбек би аудандық сотында бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» басқармасының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы және ENERCO компаниясының директоры Ерлан Нәбиевке қатысты айыптау актісі оқылды.

Олар «Сенiп тапсырылған аса ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпталып жатыр. Сотталушылар айыппен келіспейді.

Айыптау актісі бойынша, Шкарупа Саран қаласы әкімі қызметін атқарған тұста Нәбиевпен бірге қаладағы тұрғын үйлерге жылу есептеуге арналған аспаптарды орнату үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорынан қаражат қарастырылмағанын, Саранның орталық жылу қазандығы құрылысы аяқтау мүмкін емес екенін біле тұра қылмыстық жоспар құрған. Ойлаған әрекетті іске асыру үшін олар үшінші адам – қордың басқарма төрағасы Қайсар Байдалыны тартқан. Байдалы жұмыс істемейтін «Саран жылу қызметі» кәсіпорнына заңсыз қаржы аударған.

Прокурор оқыған айыптауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорынан жұмыс істемейтін «Саран жылу қызметі» компаниясы 274 жылу есептеу қондырғысын жеткізуді ұйымдастырғаны үшін «ENERCO» компаниясының есебіне 215 миллион 90 мың теңге қаражат аударылғаны айтылады. 2015 жылдың желтоқсанында Ерлан Нәбиев жылу өлшеу құрылғыларын «Саран жылу қызметі» кәсіпорнына жеткізіп береді. Бірақ осы қаржының бір бөлігі, 104 миллион 427 мың 234 теңге қолды болып, қордың қызметіне аса ірі көлемдегі шығын әкелген.

Үш айыпталушы да актімен келіспей, оны «абсурд» һәм ойдан шығарылған деп атады. Олардың адвокаты айтылған «айыптау көп сұрақ тудырды әрі тергеудің ашықтығына күмәнім бар» дейді. Бұған дейін сотталушылар қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған. Олар сот жақында Қарағанды облысы әкімінің Саранның орталық жылу қазандығы құрылыс аяқталғаны жөніндегі пікірін есепке алуы керек деп санайды. Айыпталушылардың айтуынша, бұл орнатылған жылу есептеу аспаптарын қосып, пайдалануға беруге болады.

Анатолий Шкарупа Саран қаласының әкімі (2014-2017) қызметінен кейін Қарағанды облысы әкімінің энергетика, тұрғы үй-коммуналдық шаруашылық және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша орынбасары болып істеген. 2018 жылы қазанда Қазақстан энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалған Анатолий Шкарупа сол жылы қарашада тұтқындалған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613