Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3969 11 пікір 3 Қаңтар, 2020 сағат 12:23

Азаматтық талаппен шығып қудаланғандарды неге шақырмайсыздар?

Бір мемлекеттік арнаның жыл қортындысын қайталап беріп жатыр екен, көрем деп ішім пысып өліп қала жаздадым.

Құдай-ау, жинаған алты сарапшысының екеуі нұротаншыл депутат, екеуі "елбасымыз-ай" деп еміренген саясаттанушы мен экономист (типа). Біреуі "президент аналарды жарылқады" деп тұрған кәсіпкер, көп балалы әйел. Соңғысы "масылдықты қою керек" деп сөз бастаған сол телеараның басыбайлы жорналисы.

Байқұстар-ау, жылды қорытқыларың келеді екен - азаматтық талаппен шығып қудаланғандарды, "Демпартия", OyanQazaqstan, "Республиканың" мүшелерін, тәуелсіз бақылаушыларды, ең аяғы facebook те қаптап отырған өзге де сын пікір иелерін шақырмайсыңдар ма?

Оларды шақыра алмайды екенсіңдер, елдің салығынан жеп отырған миллиардтарыңды бұрынғыша тығылып жеп, есмахан-төреғалилардың фанерасын айналдыра берсеңдерші.

Қасым Аманжолдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535