Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
5381 27 пікір 31 Желтоқсан, 2019 сағат 15:32

Тоқаев Путинді Қазақстанға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің үдемелі дамуына, сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстарға қанағаттанушылық білдірді, бұл Қазақстан мен Ресейдің одан әрі жақындасуының ортақ ісіне пайда болуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекет басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты, сондай-ақ жаңа жылдық құттықтаулармен алмасты.

Abai.kz

27 пікір