Жұма, 29 Наурыз 2024
4410 13 пікір 31 Желтоқсан, 2019 сағат 15:29

Қазақстанда 35-45 мың қырғызстандық бар

Қырғызстанның 850 мың азаматы шетелде уақытша немесе тұрақты тұрып жатыр. Бұл туралы Консулдық қызмет департаментінің директоры Алмаз Имангазиев журналистерге баспасөз конференциясында хабарлады.

Шетелдегі қырғызстандықтардың дені Ресейде жүр. Ресейдің көші-қон қызметіне Қырғызстанның 571 мың азаматы тіркелген.

Имангазиевтің хабарлауынша, Қазақстанда 35-45 мың қырғызстандық бар. АҚШ пен Канадада – 15-20 мың, Италияда - 5,5-6 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4-5 мың, Ұлыбританияда – шамамен 2 мың, басқа да елдерде – шамамен 10 мың.

Бұған қоса Ресейдің көші-қон қызметі дайындаған "қара тізімге" 60 мың қырғызстандық ілінгені мәлім болды. Бұл тізімде 2017 жылы 100 мыңнан астам қырғызстандық болған.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593