Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Білгенге маржан 7836 2 пікір 26 Желтоқсан, 2019 сағат 10:51

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қанша тұрады?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі жүйені аталмыш процеске дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді, оның ішінде халыққа медициналық көмек көрсету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жетілдірілді. Осылайша, халық тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында да, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де сапалы және қол жетімді медициналық көмек алады. Сонымен қатар Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру жүйесі де өз жұмысын жалғастыра беретін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің бизнес-процестерінің топтамасын жасады.

Соның ең бастысы – халыққа бастапқы медициналық көмек көрсету. Олай дейтініміз, басы ауырып, балтыры сыздаған адам алдымен емханаға барады. Сондықтан да оны медицинаның №1 посты деп атауға әбден болады.  

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде көрсетіледі, оған учаскелік дәрігерлер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен медбикелер көрсететін медициналық көмекке дейінгі, білікті және медициналық-әлеуметтік көмек кіреді.

Халыққа бастапқы медициналық көмек алдын ала жазылу немесе жүгіну бойынша бекітілген жерінде жоспарлы түрде, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайында бекітілу фактісіне қарамастан жедел тәртіпте көрсетілуі мүмкін.

Адамдар негізінен сырқат, жарақат, алдын-алу, динамикалық бақылау, медициналық-әлеуметтік қызметтер және әкімшілік өтініш сияқты 6 себеп бойынша жүгінеді.

Алғаш рет тіркеу бөліміне жүгінгенде амбулаториялық сырқаттың медициналық картасы, баланың жетілу тарихы немесе денсаулық сақтаудың электронды төлқұжаты, оның ішінде ақпараттық жүйелерде пациенттің сақтандыру мәртебесі мен қаржыландыру көзінің  көрсетілуі рәсімделеді.

Егер жүгіну кезіне дейін науқас қажетті скринингтік тексеруден өтпеген болса, онда ол скринингтік кабинетке тексеруден өтуі үшін жіберіледі. Егер пациент жүгіну кезінде скринингтік тексеруден өткен болса, онда ол дәрігерге дейінгі медициналық көмектің қажетті көлемін алуға жіберіледі.

Содан кейін пациент клиникалық хаттамаларға сәйкес және медициналық ақпараттық жүйелерде тіркелу арқылы диагноз, зерттеу және емдеу әдістерін анықтайтын жергілікті терапевтке, педиатрға немесе жалпы практика дәрігеріне жіберіледі.

Сонымен қатар, дәрігер науқастың диагнозын, оған қоса мамандандырылған көмекке қажеттілігін нақтылау үшін салалық маманға кеңес алу үшін зертханалық немесе диагностикалық қызметке медициналық ақпараттық жүйеде тиісті жолдама жасау арқылы жібере алады. Одан әрі науқасқа келесі медициналық көмек көрсетілуі мүмкін:

1) дәрілік заттарды тағайындауды қоса алғанда, амбулаториялық деңгейдегі көмек;

2) динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі бойынша динамикалық байқау шеңберіндегі көмек;

3) амбулаториялық ем тиімсіз болған жағдайда  консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде;

4) жоспарлы түрде медициналық ақпарат жүйесіне жолдаманы тіркеу және стационарлық науқастардың электронды регистрына  біріктіру арқылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек күндізгі стационарының деңгейінде немесе үйде;

5) жоспарлы тәртіппен ауруханаға жатқызу бюросының ақпараттық жүйесіне жолдаманы тіркеу арқылы тәулік бойғы аурухана деңгейінде;

6) дәрістер мен тренингтер түрінде жеке кеңес беру, ерлі-зайыптыларға кеңес беру немесе топтық жұмыс түрінде жастар денсаулық орталықтарында;

7) медициналық-әлеуметтік көмек (психологтың немесе әлеуметтік қызметкердің қызметтері).

Медициналық көмектің көлемін алғаннан кейін қайта қабылдаудың  қажеттілігі анықталады, егер қажет болса, пациент дәрігердің екінші қабылдауына жазылуы мүмкін.

  Енді халыққа төтенше жағдайда бастапқы медициналық көмек көрсету  бизнес-процесіне тоқтала кетсек...

Пациент шұғыл емдеуге  жүгінген кезде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуші қызметкер науқастың жай-күйіне бағалау жүргізеді, соның негізінде пациентке:

1) дәрігердің қатысуын қажет етпейтін медициналық қызметтердің тізіміне сәйкес сырқат болған кезде немесе сондай жағдайда, шұғыл көмек амбулаторлық сырқаттың медициналық кітапшасында және медициналық ақпараттық жүйеде тіркеліп, БМСК фильтр бөлмесінде көрсетіледі.

2) өмірге қауіпті жағдайлар туындаған кезде жедел жәрдем станциясына қоңырау шалынады, онда диспетчер жедел қызмет санаттары бойынша қоңырауларды сұрыптайды.

1, 2 және 3 санаттағы шұғыл шақырулар түскен кезде жедел медициналық жәрдем диспетчері қоңырауды автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жедел медициналық көмек фельдшері мен мамандандырылған бригадаларға жібереді.

4-ші санаттағы шұғыл шақырулар түскен кезде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы қоңырауды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің бригадасына жібереді.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бөлімшесінің бригадалары тәулік бойы тіркелген халыққа және БМСК көрсету аймағында тұратын адамдарға медициналық көмек көрсетеді.

Abai.kz

2 пікір