Жұма, 29 Наурыз 2024
Ұлттық кеңес қорытындысы 5629 13 пікір 20 Желтоқсан, 2019 сағат 13:57

Тіл реформасы. Парламенттік оппозиция. Митингтер. Салық пен Жер мәселелері...

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Бұл жиын - қоғамдық маңызға ие өзекті мәселелер мен осыған дейін айтылған пікірлер, ұсыныстар мен үкіметтік деңгейде талқыланған мәселелердің қортынды жиыны болды

Жиында сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім кеңесінің маңызына тоқталды.

- Біз атап өтуі керек, бірқатар түйткілді мәселе бойынша ортақ ұстанымға келдік. Бұл демократияны нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін беретін жұмыс деп санаймын.

Біздің тәжірибеміз халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Көпшілік оны жауапты әрі сындарлы диалогтың үлгісі ретінде қабылдады. Ең бастысы ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелді.

Мұның тағы бір маңызды қыры бар. Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз. Соның арқасында саналуан пікірлер мен балама көзқарастар, сындарлы ұстаным, жауапкершілік сияқты құндылықтар алдыңғы қатарға шығады, - деді Қазақстан Президенті.

Бос жатқан жерлерге салынатын салық 20 есе өсуі мүмкін

Бос жатқан жерлерге, яғни пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын салық 20 есе өсуі мүмкін.

Президент сенім кеңесінің отырысында Жер мәселесін талқылап, пайдаланылмай жатқан жерлерге қатысты салық мөлшерін ұлғайтуды ұсынған.

Сонымен қатар ол пайдаланылмай жатқан жерлерге сот тәркілеу тетіктерін қарастыру керектігін тапсырды.

Ұлттық валютаның тұрақсыздығы туралы...

Сонымен қатар Президент сыртқы қарыздың бірыңғай тізімін жасауға тапсырма берді.

- Біз еліміздің сыртқы кредиторлар алдындағы артық қарызы туралы алдын-ала болжам жасауды тоқтатуымыз керек. 2020 жылғы 1 сәуірге дейін ұлттық экономика, қаржы министрліктері мен Ұлттық банк сандық мәліметтер базасы негізінде  сыртқы қарыздың бірыңғай тізімін жасауы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай ақ, Қ.Тоқаев Ұлттық банк өкілдеріне валюта айырбасына қатысты мәліметтерді қолжетімді етуді тапсырды.

- Ұлттық валютаның тұрақсыз, құбылмалы болуы - біздің азаматтарды, кәсіпкерлерімізді алаңдататын мәселе. Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк осы мәселені бақылауға алып, механизмін әзірлейді.

Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын және тоқсан сайын валюта айырбасына қатысты есеп беріп отырады. Сондай-ақ, валюта бағамының кестесі жарияланады. Ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады,- деді Президент.

Митингілерді ұйымдастыру принциптерін енгізу қажет 

Отырыс барысында Президент "Бейбіт жиындар" туралы заң жобасы жөнінде айтты. Президенттің сөзінше, мемлекетке өз позициясын көпшілік алдында айтатын азаматтарға оң қарайтын кез келді.

- Митингілерді ұйымдастыру принциптерін енгізуге кірісу керек. Қоғамның сана-сезіміне митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келді. Қоғамға да, мемлекетке де өз позициясын көпшілік алдында айтатын азаматтарға дұрыс қарайтын кез келді. Бұл шарасыздық, мұның барлығын мәжбүрлі емес, саналы түрде істеу керек. Бірақ митингілердің құқық қана емес, жауапкершілік екенін де түсіну қажет, - деді Тоқаев.

Мемлекеттік тілді реформалау қажет

Мемлекет басшысы латынға көшуде асығыстыққа жол берілмейтінін айтты. Ал, осы уақытқа дейін ұсынылған нұсқалар жетілмеген дейді Президент. Сондықтан, осы саладағы мамандардың, лингвист ғалымдар мен филологтардың пікірін күтіп отырғанын айтты.

- Мен латынға көшу туралы да айтқым келеді. Оның үстіне бұл мәселе ұлттық кеңестің отырысында көтерілді. Бұл мәселеде асығыстыққа жол берілмейді. Жаңа әліпбиді енгізудің барлық аспектілерін мұқият тексеру, жан-жақты талдау және пысықтау қажет.

Ұсынылған нұсқалар жетілмеген болып шықты. Сондықтан бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау қажет. Оны жеңілдетуге болмайды. Біз тек кириллица алфавитін латын әліпбиіне көшіру туралы айтып отырған жоқпыз. Егер тілімізді жаңғыртқыларыңыз келсе, бізге қазақ тілін реформалау қажет, - деді Қ.Тоқаев.

Бізге парламенттік оппозиция институты қажет

Кеңес отырысында Қазақстан президенті елде парламенттік оппозиция институты қажет екенін айтты. Ол үшін, үкіметке тиісті ұсыныстар мен заң жобасын әзірлеп, парламентке енгізуді тапсырды.

- Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты баламалы көзқарастар мен пікірлер екенін түсінуіміз керек.

Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге атсалысты.

Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың басы емес, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік. Сондықтан парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекіту қажет, - деді Тоқаев.

Президент ол үшін басқа партия өкілдері парламенттегі кейбір комитеттердің төрағасы лауазымын иелене алатындай жағдай жасау керек екенін айтты.

Президенттің айтуынша, бұл биліктің заң шығару тармағындағы баламалы қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3554