Жұма, 29 Наурыз 2024
3826 1 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 11:33

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы жанжал болды

11 желтоқсанда қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болған. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, қырғыз жеріне қарайтын Баткен ауданы маңына Тәжікстанның азаматтары кіріп кетіп, алты трактормен ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізе бастаған.

"Қырғыз шекарашылары ол жерге барып, шаруаларын тоқтатуды талап еткен. Бірақ көрші елдің азаматтары олардың талаптарына құлақ аспаған. Нәтижесінде екі тараптың шекарашылары, жергілікті билік өкілдері жолығып, делимитация және демаркация бойынша үкіметаралық комиссия шекара сызығын анықтап бергенше істі тоқтатуға шешім қабылданды. Тәжік тарабы ауыл шаруашылығы техникасын аймақтан алып кетті", - деп мәлімдеді қырғыз шекара қызметі.

Тәжік тарабы әзірге бұл оқиға бойынша ресми мәлімет бермеді.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон 28 қарашада кездескен кезде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын бекіту бойынша сөйлескен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544