Жұма, 19 Сәуір 2024
Ел іші... 4196 8 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 11:59

Биылғы жылғы Мемлекеттік стипендия кімдерге бұйырды? (Тізім)

10 желтоқсан күні Ақорда сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлығы шықты.

"Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", делінген Жарлықта.

Сонымен биылғы жылғы Мемлекеттік стипендия кімдерге бұйырды?

Тізім

Әдебиет қайраткерлері:

Марфуға Айтхожина - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері,

Күләш Ахметова - 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері,

Төлен Әбдік - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Әкім Тарази - 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Ахмет Әшіров - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері,

Ақұштап Бақтыгереева - 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері,

Әнуарбек Бимағамбет - 1980 жылы туған, ақын,

Жәркен Бөдеш - 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері,

Александр Гарькавец - 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері,

Сәбит Досанов - 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері,

Шериаздан Елеукенов - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері,

Смағұл Елубай - 1947 жылы туған, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері,

Жүрсін Ерманов - 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Ғалым Жайлыбай - 1958 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері,

Мырзатай Жолдасбеков - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері,

Қабдеш Жұмаділ - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері,

Олжас Қасым - 1989 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері,

Уахап Қыдырханұлы - 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,

Мекемтас Мырзахмет - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Әбдіжәміл Нұрпейісов - 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Қанат Омаров - 1971 жылы туған, ақын,

Нұрлан Оразалин - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері,

Иранбек Оразбаев - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері,

Сейфолла Оспан - 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері,

Мыңбай Рәш - 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері,

Қойшығара Салғараұлы - 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Әнес Сарай - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Олжас Сүлейменов - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты,

Серік Тұрғынбекұлы - 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері.

Өнер қайраткерлері:

Бақтияр Адамжан - 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,

Ерлан Айтуаров - 1950 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Шайза Ахметова - 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі,

Болат Аюханов - 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер,
Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ,

Адай Әбелдинов - 1987 жылы туған, режиссер-аниматор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері,

Асанәлі Әшімов - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Роза Әшірбекова - 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі,

Қайрат Байбосынов - 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Раушан Байсейітова - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Хатимолла Бердіғалиев - 1952 жыл туған, әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері,

Кеңес Дүйсекеев - 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері,

Біржан Есжанов - 1990 жылы туған, дәстүрлі әнші,

Самал Еслямова - 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы,

Базарғали Жаманбаев - 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Чапай Зұлхаш - 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері,

Бекен Имаханов - 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі,

Баян Имашева - 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі,

Юрий Клушкин - 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері,

Сара Күзембай - 1937 жылы туған, музыкатанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ,

Қорлан Қалиламбекова - 1944 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері,

Зарема Қастеева - 1947 жылы туған, балерина, Қазақ ССР-інің халық әртісі,

Тамара Қосыбаева - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,

Жанар Мақашева - 1984 жылы туған, актриса,

Медығат Манапов - 1984 жылы туған, дәстүрлі әнші,

Жандарбек Мәлібекұлы - 1942 жылы туған, сәулетші,                               Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы,

Раиса Мұсақожаева - 1954 жылы туған, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Нүкетай Мышбаева - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері,

Мұрат Нарбеков - 1988 жылы туған, виоленчельші,

Нұрғали Нүсіпжанов - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері,

Есмұхан Обаев - 1941 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері,

Сәбит Оразбаев - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Меруерт Өтекешева - 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері,

Юрий Померанцев - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Гульвер Разиева - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері,

Айнұр Рахипова - 1984 жылы туған, актриса,

Жарас Сатыбалдиев - 1991 жылы туған, күйші,

Торғын Тасыбекова - 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі,

Айгүл Тәти - 1963 жылы туған, хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Сламбек Тәуекел - 1948 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Нина Терещенко - 1945 жылы туған, суретші,

Бибігүл Төлегенова - 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Сара Тыныштығұлова - 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері,

Шот-Аман Уәлихан - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері,

Ескендір Хасанғалиев - 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері,

Фархад Шәріпов - 1983 жылы туған, режиссер,

Арий Школьный - 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Abai.kz

8 пікір