Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3023 0 пікір 29 Тамыз, 2011 сағат 10:28

Қазақстан Ливия егемендігінің сақталуын және бұл елдегі тұрақтылықтың қалпына келтірілуін жақтайды – СІМ

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан Ливия егемендігінің сақталуын жақтайды, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.

«Ливия халқының осындай дүрбелең кезеңдегі саяси таңдауы мен еркін құрметтей отырып, Қазақстан аталмыш елдің егемендігі мен біртұтастығының сақталуын және халықаралық құқық нормаларының қатаң сақталуын жақтайды», - делінген баспасөз қызметінің сенбі күні таратқан хабарламасында.

«Ливиядағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан ең жақын уақытта жанжалдың тоқтатылуын, азаматтар қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және тұрақтылықтың орнатылуын аса маңызды деп біледі», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан Ливиядағы жағдайдың ең жақын уақытта реттелуі мен гуманитарлық дағдарыстың еңсерілуіне қол ұшын беру мақсатында Ұйымның ресурстарын жұмылдыруға дайын, делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған байланысты Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттерді бауырлас елге ниеттестік білдіруге және 2011 жылғы 30 маусымдағы Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында қабылданған «Ливияға гуманитарлық көмек» туралы № 2/38-ICHAD резолюциясын орындау үшін тиісті шаралар қолдануға шақырады.

0 пікір