Жұма, 29 Наурыз 2024
2751 1 пікір 11 Желтоқсан, 2019 сағат 11:08

Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөз басталды

10 желтоқсанда Түркия, Иран және Ресей делегациясы Сирия бойынша келіссөзге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді. Бұл жөнінде сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Келіссөз сегіз жылға созылған Сириядағы жанжалды шешуге және соғыстан кейінгі ел Конституциясын әзірлеуге және босқындардың қауіпсіздігі мен оларды орналастыру мәселелеріне арналған.

Бұл Астана процесі деп аталатын 14-кездесу болмақ. Бірінші кездесу БҰҰ-ның араағайындығымен 2017 жылы Түркияда өткен.

Қазақстанның стратегиялық институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев Euroactiv сайтында мәлімдегендей, кездесу кезінде Сирияның солтүстігіндегі Идлиб ауданы мен Евфрат жағалауындағы техникалық мәселелер талқыланады.

"Бұл күрделі аудан, онда түріктер де, күрдтер де және "Ислам мемлекеті" тобының қалған террористері де бар", - деп атап өткен ол.

Қазақстан астанасында өтетін Сирия бойынша келіссөздер БҰҰ араағайындығынан бөлек өтіп жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590