Жұма, 29 Наурыз 2024
4746 8 пікір 6 Желтоқсан, 2019 сағат 13:53

Аймағамбетов: 2020 жылы мектептерге латын әліпбиі енгізілмейді

2020 жылы мектептерге латын әліпбиі енгізілмейді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа әліпбидің әлі де жетілдіретін тұстары бар. Оны аяқтау қазір Мәдениет министрлігіне жүктелген. Сондықтан, әліпбидің нақты нұсқасы бекітілгеннен кейін ғана білім министрлігі тиісті жұмыстар жүргізбек. Ал, әзірге бұл жайлы айтуға ерте дейді министр.

Оның айтуынша, алфавиттің түпкілікті және бекітілген нұсқасы жоқ. Сондықтан, "2020 жылы біз мектептерде латын тіліне көшеміз деп айтудың қажеті жоқ"

Асхат Аймағамбетов, БжҒМ министрі:

-Бұл ұзақ процесс. Алдымен оны бекіту керек. Өзіндік ережелері болады. Оған бірте-бірте көшеді. Содан кейін біз тиісті дайындықты жүргізуіміз керек. Сонда ғана оқу құралдары мен оқулық дайындалады. Яғни, бұл көп жұмыс. Осы жұмыстар атқарылғаннан кейін ғана латын әліпбиін енгіземіз.

Еске сала кетейік, елімізде 2025 жылға қарай барлық іс қағаздарды латын графикасына көшіру жоспарланған. Осы жылдың ақпан айында жоба жасалып, 2019 жылы халықты жаңа емле бойынша оқыту және осыған мұғалімдерді даярлау жоспарланған болатын.

Ал, бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "2020 жылдың қыркүйегінен бастап мектепалды даярлық сыныбында оқитын балалар латын тіліне көшеді" деген болатын. Алайда, осы жылдың қазан айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасындағы қазақ әліпбиін жетілдіруді тапсырды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596